Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытайда киберкеңістікке қатысты 180-нен астам заң мен нормативтік акт күшіне енді

Қытайда киберкеңістікке қатысты 180-нен астам заң мен нормативтік акт күшіне енді

Қытайда интернет саласының дамуына қойылатын талаптарға сай келетін құқықтық жүйе іс жүзінде толық қалыптастырылды, деп хабарлайды Синьхуа.

Өткен жылдың желтоқсан айындағы жағдай бойынша елде киберкеңістікке қатысты 180-нен астам заң мен нормативтік акт күшіне енген. Бұл туралы сейсенбі күні ҚХР Мемлекеттік интернет-ақпарат басқармасы жариялаған есепте айтылды.

Құжатта Қытайдың 14-бесжылдық кезеңінде киберкеңістікте заң үстемдігін қамтамасыз ету саласындағы жетістіктеріне шолу жасалған.

Есепке сәйкес, 2025 жылы елде киберқауіпсіздік пен цифрландырудың базалық жүйелері одан әрі жетілдіріліп, интернет саласындағы құқық қолдану тетіктері мен институттары нығая түскен. Бұл ақпараттық технологияларды сот жүйесінде кеңінен пайдалануға ықпал еткен.

Сонымен қатар, өткен жылы Қытай киберкеңістікті заң негізінде басқару бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, интернет кеңістігін реттеуге арналған халықаралық ережелерді әзірлеу ісінде де белсендірек рөл атқарған.

2025 жылы киберкеңістіктегі заң бұзушылықтардың алдын алу және заң талаптарының орындалуын қамтамасыз ету жұмыстары да жалғастырылды. Есепке сәйкес, интернетті басқару органдары 5 811 веб-сайт пен онлайн-платформа өкілдерін жауапқа шақырған. Нәтижесінде 1 646 ескерту беріліп, 521 сайт пен платформаға айыппұл салынған, сондай-ақ 9 637 веб-сайт пен қосымша тіркеуден шығарылып, жабылған.

Бұдан бұрын Қытай астанасында мамырдан бастап дрондарға толық тыйым салынатыны айтылды.

Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Фото: Pixabay

30 сәуір 2026 ж. 34 0