Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәжікстанда Жеңіс күні тойланады

Тәжікстанда Жеңіс күні тойланады

Тәжікстан Жеңістің 81 жылдығын тойлап жатыр, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Душанбедегі тілшісі. 

Ел астанасында күрделі жөндеуден кейін жаңартылған Жеңіс саябағы ашылып, Мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылды.  

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон құттықтау сөзінде 9 мамыр – бүгінгі ұрпақтардың бостандығы мен жарқын болашағын қорғаған ата-бабаларының ізгі істері мен қаһармандық істерін еске алатын әлемнің көптеген елінің бейбітшілік сүйгіш халықтары жыл сайын тойлайтын мереке екенін атап өтті.  

– Осыдан 81 жыл бұрын миллиондаған басқа елдер мен халықтардың өкілдерімен бірге, сондай-ақ Тәжікстан ұлдарының ерлігі мен жанқиярлығының арқасында әлем фашизм індетінен азат етілді және бұл дата жыл сайын Жеңіс күні ретінде тойланады, - деді Эмомали Рахмон.  

Республика басшысы, үкімет мүшелері, дипломатиялық корпус, халықаралық ұйымдардың өкілдері «Мәңгілік алау» мемориалына гүл шоқтарын қойды.  

Тәжікстанда Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 8 ардагер ғана қалды. Соғыс жылдарында бұл елден 300 мың адам майданға шақырылды, олардың әрбір үштен бірі оралмады. Тылдағы өнеркәсіптік кәсіпорындарға 45 мың жұмысшы жіберілді. Бұл сол кездегі Тәжікстан халқының үштен бірін құрады. 

55 мың тәжік жауынгері әскери ордендермен және медальдармен, 54-і Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. 

29 эвакуациялық госпиталь құрылды, онда дәрігерлер 50 мың жараланған жауынгерді емдеді. Қоршауда қалған Ленинград, Мәскеу, Киев, Минск және Кеңес Одағының басқа да қалаларының 100 мыңнан астам тұрғыны Тәжікстаннан баспана тапты. 

Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Фото: Тәжікстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі

09 мамыр 2026 ж. 42 0