Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әзербайжанда аспалы жолдың темір арқаны үзіліп, екі адам қаза тапты

Әзербайжанда аспалы жолдың темір арқаны үзіліп, екі адам қаза тапты

Қайтыс болғандардың бірі демалу үшін Бакуден Шекиге келген.
Әзербайжанның Шеки ауданындағы «Шеки Яйласы» демалыс аймағында аспалы жолдағы темір арқанның үзілуі салдарынан екі адам қаза тапты.

TƏBİB мәліметінше, оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы жіберілді.

Дәрігерлер екі ер адамның оқиға орнында көз жұмғанын растады.

Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандардың бірі - Бакуден Шекиге демалысқа келген, Гах ауданы Зерне ауылының тұрғыны, 1996 жылы туған Джошгун Мамедов.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Ақпарат көзі: baq.kz
Фото: baq.kz
09 қыркүйек 2026 ж. 18 0