Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Louis Vuitton – 2020: Смартфон сөмке

Louis Vuitton – 2020: Смартфон сөмке

Louis Vuitton сән үйі 2020 жылға арналған круиздік көрсетілімінде сөмкенің инновациялық нұсқасын ұсынды. Олардың инновациялық болатын себебі, екі жағынан кішкене экрандар орналастырылған. Жаңа топтамаға "Болашақтың кенебі" (Canvas of the Future) атауы берілген. Көлемі 1920 x 1440 экрандар AMOLED технологиясы бойынша жасалған. Бұл технология смартфондарда да қолданылады. Осындай ерекше сөмкелер арқылы Louis Vuitton соңғы технологиялық жаңалықтарды акксессуарларға да пайдалануға болатынын көрсетті.Топтаманы ұсыну барысында марканың креативті директоры Николя Жескьер сөмке экрандарына Нью-Йорк қаласының ретрофутуристикалық фотографияларын шығарды. Louis Vuitton сөмкелерін сатып алған адам Wi-Fi арқылы экраннан кез келген контент көрсете алатын болады.
16 мамыр 2019 ж. 861 0