Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Билл Гейтс ұсынатын 5 кітап

Билл Гейтс ұсынатын 5 кітап

Microsoft компаниясының негізін қалаушы, миллиардер Билл Гейтс кітап оқығанды жаны сүйеді. Әсіресе, оқу мен технологияға деген махаббаты әсерінен, Гейтc бос уақытын ғылыми жанрдағы кітаптарға көбірек арнайды. Ол өмірінің көп сәтін ғаламшардың тылсым дүниелері мен табиғи құбылыстардың өзгерісі туралы кітаптарға арнаған. Тек оқып қана қоймай, өзінің табынушаларына да біршама кітаптың тізімін ұсынады. «Гендер», Сиддхартха Мукерджи  Кітаптың авторы бүгінге дейінгі биологиялық зерттеу нәтижесінде адамзаттың көкейіне түйген сан сауалға жауап қатады. Мукерджи ғылым мен адамның даму эволюциясын генетика тұрғысынан біріктіре сипаттайды. Дарвин теориясы мен өзінің отбасын мысалға ала отырып, генетиканың әсерін сөз етеді. «Өмірлік маңызды сұрақтар», Ник Лейн  Ник Лейн – атақты биохимик. Оның соңғы кітабы Жер ғаламшарындағы өмірдің пайда болу себептерін түсіндіруге негізделген. Ғалымның теориясы – физика мен биологияның тұтасуы. Өйткені, Лейн энергия мен генетиканы шебер байланыстырады. «Sapiens.  Адамзаттың қысқа тарихы», Юваль Ной Харари  Жүз мың жыл бұрын Homo sapiens  адамның алты түрінің бірі ретінде есептелді. Оның ойлау жүйесі жануардан артық емес еді.  Дегенмен, 70 мың жыл бұрын жер ғаламшарында ұлы төңкеріс болып, адамзат пайда болды дейді кітапта. Адамдардың басқа түріне не болды? Ақша, мемлекет, дін секілді ұғымдар қалай пайда болды? Бұл кітап осы сұрақтардың бәріне жауап бермек. «Алтыншы жойылу: жасанды тарих», Элизабет Колберт Климаттың өзгерісі – адамзат кездестіретін ең маңызды мәселелердің бірі. Бірақ, оның себебі неде? Адамдар өзіңе ыңғайлы өмірді жасау үшін, әлемнің табиғи бетін жасанды асфальттарға айналдырса, жануарлар мен құстардың санын азайтты. Суларды ластап, өзендердің химиялық құрылымын өзгертті. Енді үлкен мәселенің бастауы кім?  «Желі», Гретхен Бакке  Бұл – ескірген электрожелілер туралы кітап. Егер осы уақытқа дейін ток сіздің тоққа қоятын аймағыңызға (розетка) дейін қалай келетінін ойламасаңыз, бұл кітап электрлік желі әлемдегі ең ғажайып инженерлік туынды екеніне сізді сендірері сөзсіз.
https://massaget.kz


17 мамыр 2019 ж. 1 085 0