Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алғаш рет ана атанған әйел бірден алты баланы өмірге әкелді

Алғаш рет ана атанған әйел бірден алты баланы өмірге әкелді

Польша тұрғыны бірден алты баланың анасы атанды. 

20 мамыр күні Краков университетінің ауруханасында егіздер - төрт қыз және екі ұл бала дүниеге келді. Дәрігерлер жүкті әйелге мерзімінен бұрын кесарь отасын жасауға шешім қабылдады. Әйел жүктіліктің 29-аптасы кезінде ота жасалды.
Анасы қазір өзін жақсы сезінеді. Балалар арнайы инкубаторларға орналастырылды. Әр нәресте шамамен бір келіден асады. Аурухана қызметкері Мария Влодковсаның айтуынша, бұл Польшада алты бала өмірге келген алғашқы оқиға.
Статистикаға сәйкес, алты егіз баланың тууы 4,7 млрд жағдайдың бірінде кездеседі. Мұндай жағдайда анаға мұқият күтім қажет.
http://stan.kz
21 мамыр 2019 ж. 1 037 0