Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алжирде президенттікке үміткер табылмады — сайлау күні шегерілді

Алжирде президенттікке үміткер табылмады — сайлау күні шегерілді

82 жастағы президент Абдель Азиз Бутефликаның ертерек отставкаға кетуінен кейін, Алжир саяси дағдарысқа тап болды. Алжирде үміткерлердің жоқтығына байланысты 4 шілдеге белгіленген президенттік сайлау өткізілмейді, деп хабарлайды France 24. Кандидаттарды тіркеуге жауапты Алжирдің Конституциялық Кеңесі кейіннен екі үміткерден ғана құжаттарды алған, кейін олар да сайлауға түсе алмайтындары белгілі болды. Жаңа сайлау күні белгіленбеді. Ал жаңа президентті сайлағанға дейінгі уақытта мемлекетке Абдель Азиз Бутефлика басшылық етеді. Бұрын ол 9 шілдеге дейін уақытша көшбасшы болып тағайындалды.
https://arhar.kz
03 маусым 2019 ж. 831 0