Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Америкалықтар қалай өмір сүреді?

Америкалықтар қалай өмір сүреді?

Америкалықтар жайлы естігенде көз алдымызға бірден ылғи күлімдеп жауап беретін, елгезек әрі байқампаз адамдар келеді. Олардың өмірі қандай екені біз үшін әрқашан қызық болатын. Ендеше олар қалай өмір сүреді? 1. Көп жағдайда америкалықтар өзгенің ісіне араласпайды. Мысалы, сіз көшенің жиегінде жатуыңыз мүмкін. Бірақ, сіз көмек сұрамайынша, қасыңызға ешкім келе қоймайды. 2. Осыншалық бейқамдық танытқанына қарамастан, бұрын қоныстанған жергілікті амеркалықтар иммигранттарға қарағанда елгезек. Егер сіздің жағдайыңыздың нашар екенін байқаса, 9 1 1 нөмеріне хабарласып, көмек көрсетеді.   3. Көмекке қоңырау шалып шақырғаннан кейін, міндетті түрде өрт сөндіру көлігі, медициналық көмек және полиция келеді. Ереже бойынша, өрт сөндіру көлігі оқиға орнына бірінші жетеді. Жедел жәрдем келгенше олар алғашқы көмек көрсетеді. 4. АҚШ тұрғындары мен мемлекет медицина қызметкерлері мен  өрт сөндірушулерге құрметпен қарайды. Мысалы, Нью Йоркте медбикенің бір айлық жалақысы 6000 долларға дейін жетеді. Ал, дәрігерлер одан да көп табады. 5. АҚШ медицинасы өте қымбат, соған сәйкес жоғары сапада қызмет көрсетеді. Мысалы, жедел жәрдем шақырып, сізді тексеріске алып кетсе, емнің сомасы 500 доллар болады, ал рентген 200 долларға шығады. Ал, отаға бұдан да көп қаражат керек. Дегенмен, көптеген америкалықтардың арнайы медициналық сақтандыруы бар. Олар сол арқылы арнайы ем шараларын, дәрі мен оталарды төлейді. 5. Бірақ, бұл сіздің қаражатыңыз бен сақтандыруыңыз болмаса, емдеусіз қалдырады дегенді білдірмейді: денсаулығыңызға қауіп төнген жағдайда олар бар жағдайды жасап, төлеу соамасын кейін сіздің почтаңызға жіберді. 7. Америкалық, нақтырақ айтсақ, Нью-Йорк тұрғындары, биік ғимараттарды мұнара (башня) деп атайды. 8. Зейнетке шыққан соң олардың өмірі одан да жеңілдей түседі. Олар өмір бойы салық төлейтіндіктен, мемлекет оларға лайықты түрде зейнетақы мен түрлі жеңілдіктер ұсынады. Сондықтан, туристік аймақтардан қарт америкалық жұптарды жиі кездестіруге болады. 9. АҚШ өздерінің дертке шалдыққан әрі жалғызбасты қарттарын арнайы күтуші және дәрі дәрмекпен қамтамасыз етеді. Аптасына екі рет арнайы ұйымдар оларға тамақ тасымалдайды. 10. Интернет — олар үшін ең маңызды нәрсе: қызметтер ақысын төлеуді, билеттер, тауар, киім мен тамақ сатып алады. Қоғамдық орындарда, вокзал мен әуежайларда тегін WiFi бар. 11. Америкадағы қызмет көрсету саласы өте жақсы дамыған. Тұтынушы қызмет ақысын шайпұл арқылы өтейді. 12. Біз білетін футбол Америкада қыздар айналысатын спорт түріне жатады. Америкалықтар көбіне  бейсбол немесе регбиді дұрыс көреді. 13. Америкада үйсіз, көше кезіп жүргендерді жиі кездестіруге болады. Дегенмен, статистика бойынша 97%ы солай өмір сүруді өз еріктерімен қалаған. Ал, қалған  3% үшін арнайы Департаменттер жұмыс істейді. Олар үйсіздерге тегін тамақ таратад, қосымша баспана береді. Салқын күндері арнайы автобусқа оларды жинап үйсіздге арналған баспанаға апарады. 14. Американдықтардың басым көбі жалдамлы пәтерде тұрады: олар жұмысқа, балаларының оқуы мен қалауы бойынша жиі қоныс ауыстырады. 15. Олардың өз бетімен өмірі кәмелет жастан басталады: бұл уақытта жастар жағы университет қалашықтарына немесе жеке пәтерлерге көшеді.   16. Америкада ата ана балаларын оқуға мәжбүрлемейді: не бос сандалу үшін барасың, не білім үшін. Дегенмен, жоғары білімсіз жоғары қызметке өтуін қиын. Өйткені, жұмыс орнында адамның білімі мен дағдысы есепке алынады. 17. Америкалық пәтерлерде ваннаға қарағанда душ кабинасын жиі кездестіресіз. 18. Білім беру жүйесіне сәйкес орта білім алу америкалықтар үшін маңызды. Егер бала мектептен жиі қалатын болса, ата ана сотталуы әбден мүмкін. 19. Мектептегі ең маңызды пәндер математика мен ағылшын тілі. 20. АҚШ-та білім алу өте қымбатқа шығады. Сол себептен, ата-аналар балаларының оқуы үшін олар туа салып ақша жинай бастайды. 21. Америкалықтар үшін киім фирмасының маңызы жоқ: таза әрі үйлесімді болса болғаны. 22. Америкалықтар көп жағдайда ереже мен заң бойынша жүруге тырысады. Өмірде де әділдік танытады. Сондықтан, көптеген мейрамхана мен дәмханаларда сусындарды қайта тегін құйып алу мүмкіндігі бар.
https://massaget.kz
04 маусым 2019 ж. 736 0