Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа Зеландияда мешіттерге шабуыл жасады деген күдікті айыппен келіспеді

Жаңа Зеландияда мешіттерге шабуыл жасады деген күдікті айыппен келіспеді

Жаңа Зеландиядағы мешіттерге теракт жасады деп айыпталған аустралиялық Брентон Таррант тағылған айыппен келіспеді, оның ісі бойынша сот процесі 2020 жылы 4 мамырда басталады,  Stuff ақпараты бойынша, ерекше тәртіптегі түрменің жеке камерасында отырған Тарант сот отырысына бейнебайланыс арқылы қатысты. Ал оның айыппен келіспейтінін адвокаттар жеткізді.  Тарантқа лаңкестік пиғылмен 51 адамды өлтіріп, тағы 40 адамды өлтіруге оқталды деген айып тағылған.  Еске салсақ, 15 наурызда Жаңа Зеландияның Крайстчёрч қаласындағы екі мешітке шабуыл жасалған еді. Полиция ақпараты бойынша, сол шабуылдың салдарынан 50 адам қаза тауып, тағы 50-і зардап шеккен. Жаңа Зеландия премьері Джасинда Ардерн шабуылдың теракт екенін айтқан болатын.
https://kaz.tengrinews.kz
14 маусым 2019 ж. 623 0