Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Полиция Жаңа Зеландиядағы терактіге қатысты тергеудің мән-жайын айтты

Полиция Жаңа Зеландиядағы терактіге қатысты тергеудің мән-жайын айтты

Полиция қызметкерлері Жаңа Зеландиядағы мешіттерге жасалған шабуылға қатысты тергеудің мән-жайын айтты деп хабарлайды РИА Новости-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Елдегі полиция басшысы Майк Буштың баспасөз-конференциясында берген мәліметінше, терактіге байланысты бұрын ұсталған үш адамның Крайстчерч мешіттеріндегі шабуылға қатысы жоқ.
Крайстчерчдегі терактіден кейін полиция төрт адамды яғни бір әйел адам мен үш ер азаматты тұтқындаған.
Олардың арасында істің басты фигурнаты ретінде ұсталған күдікті 28 жастағы Австралия азаматы Брентон Таррант та бар. Оған кісі өлімі бойынша айып тағылған. Ол бесінші сәуірге дейін қамауда отырады.
Буштың сөзінше, тағы бір ұсталған ер азамат мен әйел адамның көлігінен атыс қаруы табылғандықтан оларды полиция тұтқындаған. Әйел адам бостандыққа жіберілген. Ал ер адамға "атыс қаруымен байланысты" құқыққа қарсы әрекет еткені үшін айып тағылған.
Ал үшінші ұсталған адам нәсілдік кемсітушілікке айдап салғаны үшін айыпталып отыр. Ол дүйсенбі күні сот алдына жауап бермек.
"Қазіргі таңда бұл адамдардың шабуылға қатысы бар деп есептемейміз", - деп мәлім етті Буш.Еске сала кетейік, Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласында жұма 15-ші наурыз күні екі мешітке шабуыл жасалып, оқиғадан 50 адам көз жұмып, 48 жараланған еді.
Елдің премьер-министрі Джасинда Ардерн бұны теракті деп атаған болатын.
kaz.nur.kz
17 наурыз 2019 ж. 1 132 0