Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » КСРО-ның ыдырауы Жер бетіне пайдасын тигізді

КСРО-ның ыдырауы Жер бетіне пайдасын тигізді

КСРО-ның құлауы парниктік газ шығарындыларының азаюына септігін тигізді. Бұндай қорытындыны Германия, Австрия, Белгия, Ресей мен АҚШ ғалымдары мәлімдеді.

Мамандардың айтуынша, Кеңес Одағы ыдыраған соң ауыл шаруашылығы өндірісі құлдырауы себепті парниктік газ көлемі азайған. 1992-2011 жылдар аралығында 7,61 миллиард тоннаға төмендеген. Бұл Латын Америкадағы адам қолынан жойылған орманмен салыстыруға болатындай. 
Мамандардың айтуына қарағанда, бұл ретте мәселе Ресей мен Қазақстанның шаруашылығына қатысты. 
"КСРО ыдырағаннан кейін жоспарланғаннан нарықтық экономикаға көшу аймақтың аграрлық секторы мен азық-түлік жүйелері үшін елеулі салдар болды. Бағалардың қымбаттауы және сатып алу сұранысының төмендігі еттің, ең алдымен сиыр етінің тұтынуының төмендеуіне себеп болды", - деді Германиядағы институт қызметкері Флориан Ширхорн.
Авторлардың айтуынша, Беловеж келісімінен (1991 жылы желтоқсанда) кейін алғашқы онжылдықта бұрынғы КСРО аумағында ірі қара мал мен шошқа саны екі есе азайды. Ғалымдардың айтуынша, қызыл етке деген қажеттілігін Оңтүстік Американың өнімдерін жеткізу арқылы іске асырған бұл аймақта ауылшаруашылық шығындары әлі де өтелген жоқ.
2017 жылды шілде айында Ресей ғылым академиясының Владимир Сукачев атындағы орман институтының Сібір бөлімшесі ғалымдары 2080 жылға қарай ғаламдық жылу Сібірді қалыпты өмір сүруге қолайлы етеді деген еді. Аймақта ыстықты сүйетін қарбыз, жүгері, астық, жүзім секілді дақылдар өседі деп болжады. 
Соңғы 200 жылдықта адамзат ауаға 600 миллиард тонна көміртегі шығарды. Барлық атмосфера бойынша бұл метанмен бірге негізгі парниктік газдардың бірі болып саналатын көміртегі тотығының құрамының артуына әкелді. Бұл шамамен 0,012 пайызға тең және жаһандық ауа температурасының бір градусқа жоғарылауына ( континентте 1,5 градус Цельция) себеп болды.

https://stan.kz 

24 маусым 2019 ж. 1 570 0