Толқын Арал аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Қарамағындағылар жағдайы жоқтарға қалай қарайтынын білу үшін әкім мүгедек кейпінде жұрт алдына шыққан

Қарамағындағылар жағдайы жоқтарға қалай қарайтынын білу үшін әкім мүгедек кейпінде жұрт алдына шыққан

Қарамағындағылар жағдайы жоқтарға қалай қарайтынын білу үшін әкім үйсіз адамның киімін киіп алған,

Мексиканың Куатемок қаласындағы Чихуахуа провинциясының әкімі мемлекеттік мекемедегі қызметкерлердің қарапайым халыққа қалай қарайтынын білу үшін жаман киім киіп, халықтың арасына жасырынған. Қала басшысы Карлос Тен үйі жоқ мүгедек адам бейнесінде көмек сұрауға барған.
Зерттеу оң нәтиже бермеген. Қаладағы барлық мекемелер мүгедекті маңына жолатпай қойған. Бұл экспиримент екі ай бойы жоспарланған. Адамдардан түскен шағым мен әріптестерінің сөзі сәйкес келмегендіктен, кімге сенерін білмеген ол осындай қадамға барған.
"Бұл қадамға не адамдарға, не әріптестеріме сенерімді білмеген кезде бардым", - дейді Карлос Тен.
Тиісті мекемелерге барған мүгедек адамға ешкім көмек көрсеткісі келмеген. Құжаттарын тексеруді былай қойып, мекемеге кіріп, екінші қабатқа көтерілуге де мүмкіндігі болмаған көрінеді. Қызметкерлер лифт кілітін таппадық деп сылтауратқан. Сонымен қатар, қала басшысы мүгедек адамға су да ұсынбады деп жағасын ұстады.
"Мен мемлекеттен ақша алып отырған адамдардың тұрғындарға қарым-қатынасын көрген кезде қатты ашуға булықтым. Артынша бәріне бұл туралы айтып, адамдармен осылай сөйлесетін болса, төзе алмайтынынымды жеткіздім", - дейді Карлос Тен.
https://stan.kz
08 шілде 2019 ж. 202 0