Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Путин: Дарынды адамдарды тарту керек, бірақ Қазақстаннан емес

Путин: Дарынды адамдарды тарту керек, бірақ Қазақстаннан емес

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Орал федералды университетінің студенттерімен кездесуде Қазақстаннан дарынды адамдарды тартудың керегі жоқ екенін айтты. Оның пікірінше, көрші елдер жалпы бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін күш біріктіру керек.

"Ресейге дарынды адамдарды тарту керек деп айтып жүрмін. Шынымен де солай істеу керек, бірақ Қазақстаннан емес. Неліктен? Себебі, бізде Қазақстан секілді елдермен басқа міндет болуы тиіс: күш біріктіруіміз керек. Ресейде неғұрлым тиімді дамығанды– Ресейде дамыту керек, Қазақстанда неғұрлым тиімді жұмыс істейтінді – Қазақстанда жасау керек. Мемлекетаралық қарым-қатынастар аясында күш біріктіру маңызды", - деді Владимир Путин.
Сонымен қатар, президент Ресейде білім алып жатқан 70 мың қазақстандық студент туралы сөз қозғады. 
"Өткен жылдың өзінде 150 адам бюджеттік негізде, яғни ресейлік бюджет қаражаты есебінен қабылданды, бірақ Қазақстандай елдерде өз өнеркәсібімізді, өз ғылымымызды дамытуымыз қажет. Осы базада жалпы бәсекеге қабілеттілікті арттыру керек. Егер бірлескен гранттарға қол жеткізе алсақ, тіпті жақсы болады. Әзірге алғашқы қадам жасалды, мен тіпті екі тараптан да гранттар берілетінін білмедім. Дегенмен егер жалпы гранттар болса, тіпті жақсы болады, біздің алдымызда тұрған ортақ мақсаттарымыз жайлы айтып тұрмын", - деді Ресей басшысы.
https://stan.kz
10 шілде 2019 ж. 581 0