Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жапония СІМ Арал теңізінің проблемасын зерттеген ғалымды марапаттады

Жапония СІМ Арал теңізінің проблемасын зерттеген ғалымды марапаттады

Кеше Жапония Сыртқы істер министрлігі 2019 жылға СІМ марапаттары туралы жариялады. Қазақстаннан Норио Исида марапатталды.

Жапонияның сыртқы істер министрі «People's Institute of Environment» коммерциялық емес ұйымы директорлар кеңесінің төрағасы Норио Исиданы  Құрмет грамотасымен марапаттады. Бұл туралы Қазақстанның Жапониядағы елшілігі хабарлады.
СІМ Құрмет грамотасы Жапония мен шет елдер арасындағы достық қарым-қатынасты дамытуға үлес қосқаны үшін жеке тұлғалар мен ұйымдарға беріледі.
Норио Исида Қазақстанға 1990 жылы келген. «20 ғасырдың экологиялық катастрофасы» деп аталып кеткен Арал теңізінің проблемасын көріп, жапон-қазақ ғылыми-зерттеу комитетін құрды және Арал аймағының жағдайын зерттеумен айналасы бастады.
Одан әрі қазақстандық Үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, ширек ғасырдан көп уақыт бойы Арал теңізінің қоршаған ортасын жақсартуға байланысты зерттеулер жүргізіп, оның айналасына орман отырғызумен айналысып келеді. Осылайша ғалым халықаралық аренада Жапония мен Қазақстан арасындағы достық қарым-қатынастың дамуына үлес қосып келеді. Бұдан басқа ол үнемі жапониялық ғалымдарды шақырып, екі мемлекет арасындағы ғылыми тәжірибе алмасудың дамуына септігін тигізді.
https://baq.kz
17 шілде 2019 ж. 1 256 0