Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 13 жасар бала екі бірдей ұшақты айдап кетті

13 жасар бала екі бірдей ұшақты айдап кетті

Қытайда 13 жасар жастағы бала екі ұшақты айдап кеткен. Ол ұшаққа жөндеу жұмыстары жүргізу кезінде, қарап отырған

Түнгі уақытта экскурсия бюросының ангасына кірген. Кішігірім ұшаққа кіріп, оны автопаркке алып шығуға тырысады. Алайда, ұшақ бақылау жүйесінен айырылып, дуалға соғылған. Бала саспастан оны қойып, екінші ұшаққа отырады. Онымен ұшпақшы болған. Бірақ автотұрақты бірнеше рет айналып шығады. Ештеңе шықпаған соң ұшақты сол жерде қалдырып кетіп қалған. 
Экскурсия бюросының қызметкерлері ұшақты біреу айдағанын таңертең ғана білген. Бірден полицияға хабар берген.
Сол жердегі инженерлердің бірі бір күн бұрын баланың ұшақты жөндеу жұмыстарында қарап отырғаны есіне түседі. Сонда ұшақты айдауды үйрену үшін оған бірнеше сағат ғана қажет болған. 
Полицияға бала өз кінәсін мойнына алған. Бұл жасағанынан отбасы бейхабар екенін де айтқан. Алайда, ұшақтың қожайыны оның отбасына айыппұл салып, олар оның жартысын ғана төлей алған.
21 шілде 2019 ж. 933 0