Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жас қыз ұрыны аяғымен қысып, тырп еткізбей ұстап жатты – видео

Жас қыз ұрыны аяғымен қысып, тырп еткізбей ұстап жатты – видео

Бразилияда тонаушы жас қыздың телефонын тартып алмақ болады, алайда бірнеше секундтан кейін аяушылық танытуын сұрап жалбарынады. Қыз қаскөйдің қалай сазайын бергенін видеодан көріңіз.
Оқиға Бразилияның Манаус қаласында болған, деп хабарлайды metroecuador.com.Қыз тонаушыны тез қуып жетіп, жерге атып ұрған.

Бойжеткен төрт жылдан бері джиу-джитсумен айналысып жүргені белгілі болды. Ол жолы болмаған ұрыға қолын оңай сындыра салатынын ескертті. Ер адам айқайлап, көмек сұрады, бірақ қашып құтыла алмады.

Батыл бойжеткен оны полиция келгенге дейін шамамен 20 минут бойы тырп еткізбей ұстағаны хабарланды. Куәгерлер оқиғаны видеоға түсіріп алған.
sputniknews.kz

27 шілде 2019 ж. 1 273 0