"Медаль деген – металл". Олимпиада чемпионы досының емі үшін алтын медалін сатты

Акробат шаңғышы алтын медалін сататыны жайлы осыған дейін де айтқан. Бәссаудаға қойғанын жасыруға тырысқанымен, журналистер назарынан тыс қалмаған еді. - Иә, медальдарым бәссаудаға қойылды. Себеп – жақын адамыма ота жасау үшін қомақты қаржы керек болып тұр. Медальдарды сатқаннан басқа қолдан келер қауқарым жоқ. Ақшаның барлығы емдеуіне кететін болады. Мен мұны жарнамалағым келмеген. Мен үшін адам өмірі бәрінен қымбат. Ал медаль – ол бар болғаны металл, – деген еді tut.by порталына берген сұқбатында. Алексей 2002 жылы Солт-Лейк-Ситиде (АҚШ) өткен Олимпиада ойындарына да қатысып, жүлдегерлер қатарынан көрінген. Ол жолы иеленген қола жүлдесін 28 мың долларға сатты.