Білекке тағуға болмайды: Шашқа арналған резеңкенің қандай зияны бар

"Мен тіпті не екенін де байқамаппын. Шашым жайылып тұрған кезде резеңкем білегімде тұратын. Өтінемін менің қателігімді қайталамаңыздар. Болашақта аурумен алысқанша, қазірден бастап, бұл әдеттеріңізден арылыңыздар", -дейді Лиза Макленнан.
Бастапқыда ол қолының ауырғанын артрит деп қабылдап жүрген. Бұл резеңкеден екенін дүкенші айтқан кезде ғана ұғынған. Келіншек дәрігерлерге жүгінген кезде резеңкенің қан айналымы жүйесін бұзып, қолына кері әсерін тигізгенін түсінген.