Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Масалардың «сүйікті» қан тобы қандай?

Масалардың «сүйікті» қан тобы қандай?

 Cібір мемлекеттік медициналық университетінің ғалымдары қай қан тобының адамдарын масалар жиі шағатынын анықтады. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады. 

   Мамандардың айтуынша, масалардың «сүйікті құрбандары» I қан тобының иелері екен. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, ғалымдар масалар II қан тобының иелеріне қарағанда I қан тобының адамдарын 2 есе көп шағатынын анықтады. 
  Сонымен қатар, масалар шағатын адамды таңдағанда оның дене температурасына, қанайналымының белсенділігіне, иісіне және зат алмасу деңгейіне қарайтыны белгілі болды.
  «Кішкентай бала, жүкті әйелден қарағанда масалар дене массасының индексі жоғары адамды, сонымен қатар еңбек етіп жүрген адамды жиі шағады», - деп атап өтті ғалымдар.
https://baq.kz/news/othernews/masalardyn-suyikti-qan-toby/
09 тамыз 2019 ж. 1 067 0