Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ислам дінін қабылдаған танымал тұлғалар

Ислам дінін қабылдаған танымал тұлғалар

Ислам - логикалық түйіні бар, көпшіліктің жанына тыныштық ұялататын дін. Сол себепті күнделікті бұқаралық ақапарат құралдарында жұлдыздардың Алланың жолына түскенін жарыса жазады. KAZ.NUR.KZ ұсынған тізімнен ислам дінін қабылдаған танымал тұлғалардың кім екенін біліңіз.
Джермейн Джексон
Иегова куәгері болған танымал әнші Джермейн Джексон 1989 жылы Бахрейн қаласына барған сапары кезінде ислам дінін қабылдады.
Мұхаммед Әли
Кассиус Марцеллус Клэй 1964 жылы 22 жасында өзінің алғашқы чемпиондық атағын жеңіп алған. Ал содан кейін бір апта өткен соң есімін өзгерткен.
Сол кезде көпшілік оның Ислам Ұлты ұйымының мүшесі екенін білген .Алғашында жұрт бұл шындықты қабылдай алмады.
Әли әлем өзін ұлы тұлға ретінде тану үшін өз-өзімен жұмыс істеген.
Уилл Смит - әнші, актер
Уилл Смиттің айтуынша, ол Мұхаммед Әли жайлы фильмнің түсірілімі кезінде ислам дініне деген қызығушылығы пайда болған.
Фильм желісі бойынша актер боксшының өзін сомдады. Басты кейіпкердің өмірбаянын егжей-тегжейлі зерттеген актер оның ой-өрісіне таңданған.
Шон Стоун
Оливер Стоун – еврей, оның жары – христиан, ал олардың 27 жастағы ұлдары ислам дінін қабылдады.
Франк Рибери
Француз футболшысы Алжирдан шыққан бала күнгі махаббаты Вахибе Бельхамиге үйлену үшін ислам дінін қабылдаған. Рибери Біләл есімін алды. Қазіргі уақытта ол Италияның "Фиорентина" командасында ойнайды. Спортшының екі қызы бар.
Майк Тайсон
Майк Тайсон – тек танымал спортшы ғана емес, сондай-ақ, шатақ мінезді тұлға. Оның эмоциясын ұстай алмауы - оны түрмеге тоғытты.
Ол дәл сол жерде ислам дінін қабылдап, Алланың жолымен жүре бастады. Содан кейін өмірі жақсара бастаған екен.
Мәлік Абдул Әзіз (Майктың есімі) түнгі сағат 2-де оянып, спорт залға барып, денесін жаттықтырады.
Q-Tip
Америкалық әнші Джонатан Дэвис 90-шы жылдары Құранды оқығаннан кейін ислам дінін қабылдаған. Қасиетті кітапты оқыған өнер иесінің өмірі мен көзқарасы өзгерген екен.
Джанет Джексон
Майкл Джексон мен Джермейн Джексонның әпкесі Джанет катарлық миллиардер Висам Әл-Манамен некеге отырғаннан кейін өмірі өзгере бастаған.
Ол қысқа белдемшелер мен ашық киімдердің орнына орамал тағып, жабынып жүретін болған.
Сонымен қатар, оның мінезінде де өзгерістер байқала бастапты. 2017 жылы Джанет алғаш рет ана атанып, Иса есімді ұлды дүниеге әкелген.
16 қыркүйек 2019 ж. 1 168 0