Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жыл басынан бері еліміздегі инфляция 3,2% құрады

Жыл басынан бері еліміздегі инфляция 3,2% құрады

baq.kz Төрт айда азық-түлік тауарлар бағасы – 5,5%, азық-түлік емес тауарларына – 1,7%, ақылы қызметтерге 1,5% жоғарылады. Бұл туралы ҚР  Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті хабарлады.

Жыл басынан бері (2020 жылғы сәуір 2019 жылғы желтоқсанға) көкөністер – 24,9%, құмшекер – 13,6%, жемістер – 12,5%, жармалар – 8,4%, сары май – 6,1%, қой еті – 5,4%, макарон өнімдері, жылқы еті, сиыр еті – 4,9%, ет өнімдері – 4,8%, ұн – 4,2%, мұздатылған балық – 4,1% қымбаттаған.
Сонымен қатар, мәйекті ірімшік – 3,7%, пастерленген сүт – 3,2%, шошқа еті – 2,9%, сүзбе, шұжық өнімдері – 2,8%, қышқыл сүт өнімдері – 2,7%, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдере – 2,3%, шай – 1,9%, нан бағасы -1,7% өскен. Темекі өнімдері – 4,7%, минералды және ас су – 3,4%, салқындатылған сусындар 2,3% қымбаттаған. Бағаның төмендеуі күріште – 2,5%, сөкке 1,3% тіркелген.
Баға өсімі дәрі-дәрмекке – 4%, жеке қолданылатын тауарларға, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 3,8%-дан, автомобильдерге – 2,6%, тұрмыстық аспаптарға 2,2% құрады. Бензин 4,1% қымбаттады, ал дизель отыны 2,2% арзандады, - делінген хабарламада.
Баға деңгейі құқықтық, жеке көлiк құралдарын сақтандыру қызметтеріне – 10%-дан, мектепке дейінгі балалар мекемесінің қызметтеріне – 2,2%, кабельдік телевизия қызметтері – 1,9%, денсаулық қызметтері 1,5% өскен. Интернет желісіне қосылу үшін абоненттік төлем 2% жоғарылады. Қалалық көлігімен (такси) жол жүру ақысы 4,2% қымбаттады.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер қоқыс шығаруға 6,2% өсті, ал кәрізге – 2,7%, суық суға 1,8% төмендеді.
2020 жылғы қаңтардан бастап ТБИ–ді есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 39,0%, азық–түлік емес тауарлар – 28,9%, ақылы қызметтер 32,1% құрады.
05 мамыр 2020 ж. 884 0