Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның 2025 жылға дейінгі cтратегиялық даму жоспары дағдарысқа байланысты қайта қаралады

Қазақстанның 2025 жылға дейінгі cтратегиялық даму жоспары дағдарысқа байланысты қайта қаралады

2025 жылға дейінгі жаңа стратегиялық даму жоспарын үкіметке 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін ұсыну керек. Мұндай тапсырманы ҚР премьер-министрі Асқар Мамин ұлттық экономика министрлігіне берді.
"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әлемдік және ұлттық экономикадағы жағдайдың күрт өзгеруіне байланысты 2025 жылға дейінгі cтратегиялық даму жоспары жаңа редакцияда жасалады. Ол орта мерзімді перспективада елдің жаңа экономикалық бағытын, оның ішінде институционалдық және құрылымдық реформаларды жүзеге асырудың негізгі бағыттарын айқындайды", - деді Мамин.
Өзін-өзі қамтамасыз етуге, бәсекеге қабілетті шикізат емес секторға, сапалы инвестицияларға негізделген және өңірлік, жаһандық құндылықтардың тізбегіне құрылған жаңа экономикалық құрылымды қалыптастыруға басымдық беріледі.
"Ұлттық экономика министрлігіне 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін үкіметке стратегиялық жоспардың жаңа редакциясының жобасын енгізуді тапсырамын", - деп қортындылады премьер.
Бұдан бұрын үкімет отырысында 2020 жылға арналған экономикалық өсімді қалпына келтіру бойынша кешенді жоспар бекітілді.

stan.kz
19 мамыр 2020 ж. 1 045 0