Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемде жаңа «валюта» пайда болды

Әлемде жаңа «валюта» пайда болды

Ол – жылжымайтын мүлік. Мамандардың айтуынша, экономикалық дағдарыс кезінде бұл салаға инвестиция құйған адам опық жемейді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оған уақыт дәлел. 
Мерей Мұратханқызы, тілші:
- Осы ретте былтыр әлем сарапшыларының жылжымайтын мүлікке инвестиция құюға қолайлы ел ретінде Сингапурды атағаны есіме түсіп отыр. Қазақстандағы ахуалды сәлден кейін тарқатайын. 
Мамандардың пайымынша, қазір жылжымайтын мүлік алып қойғандар 5 жылда жұмсаған қаржысын екі есе өтеп алады. Яғни, бұл нысан инвестиция құюға қолайлы болып тұр. Оған доллардың қымбаттауы себеп.
«Жалпы жылжымайтын мүлікті табыс көзіне айналдыру уақытпен сыналған ұтымды шешім», дейді мамандар.
Бірінші нарықтағы баспанаға қазірдің өзінде сұраныс бар. Баға әзірге тұрақты. 
Сарапшылардың айтуынша, экономикалық келеңсіз кезеңде жеке инвестициялық шот ашуға, пәтерді ұзақ мерзімге жалға беруге болады. 
Әлемді жалмаған пандемия Қазақстанның да әлеуетін әлсіретіп отыр. Енді сарапшылар қаржыны үнемдеп қоймай, еселеудің амалдарын ұсынады. Оның бірі – кәдімгі депозит ашу.
Бірақ қолдағы ақшаңызды доллар, еуро, рубль не Қытай юані сияқты бірнеше валютада сақтауға кеңес беріледі.
alashainasy.kz/

05 маусым 2020 ж. 642 0