Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Министр "проценті" төмен кредитті қалай алуға болатынын айтты

Министр "проценті" төмен кредитті қалай алуға болатынын айтты

Тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыдағы жұмыссыздар ала алады. 22 миллион теңгеге дейін алуға болады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарға берілетін кредиттер туралы айтып берді, деп хабарлайды sputniknews.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, бүгінгі талап бойынша отбасыда еңбекке жарамды адам болса, міндетті түрде жұмыс істеуі керек. Ал ұсынылған жұмыстан бас тартқан жағдайда барлық отбасы атаулы әлеуметтік көмектен айырылады. Қазіргі кезде осы санатқа кіретін 30 мыңдай азамат бар.
"Жай жұмыспен қоса, шағын кредит те алуға болады. Оны тОның ставкасы барлығына 6 процент болса, мұндай отбасыға - 4 процент, мерзімі - 5 жыл емес, 7 жылға дейін. Ал кепілдігі жоқ азаматтарға мемлекет 95 процентке дейін кепілдеме береді ", - деді Нұрымбетов бүгін онлайн форматта өткен халыққа есеп беру кездесуінде.
Бұдан бөлек, қайтарымсыз гранттар бар. Өзінің шағын бизнесін ашқысы келетін көпбалалы отбасыларға 555 мың теңгенің гранты беріледі. 
"Көпбалалы отбасылар және тұрмысы төмен отбасылар "Бизнес бастау" оқуын өтпей-ақ, осы гранттарға ие бола алады",- дейді министр.

25 маусым 2020 ж. 760 0