Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АӘК: 15 бала болу шарт емес, бар балаға береміз

АӘК: 15 бала болу шарт емес, бар балаға береміз

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн режимде өткен халыққа есеп беру кездесуінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты.

Аз қамтылған отбасыларға көрсетілетін көмек. Былтыр бұл мәселе өте маңызды болды. Былтырғы заңға өзгерістер енгізген болатынбыз. Халық тарапынан "табысты есептемесе, болар еді" деді. "Ай сайынғы есепті сұрамаса" деді. Біз өз тарапымыздан еңбекке жарамды азаматтар жұмыс істеген абзал дедік. Көпбалалы отбасыларға 4 және одан көп кәмелет жасқа толмаған балалары бар азаматтарға табысына қарамастан, жәрдемақы енгізілді. Қазір әр балаға 11 мыңнан астам теңге шығып отыр. Қазір 396 мың көпбалалы отбасы жәрдемақыға ие болды. 1 млн 600 мың бала алып жатыр, - деді министр. 
4 бала – 44,5 теңге, 5 бала – 56 мың теңге, 10 бала – 111 теңге, 15 бала – 167 мың теңге. 15 бала болу шарт емес, бар балаға береміз. Мысалы, СҚО-да 15 баланы тәрбиелеп отырған отбасы бар. Олар 167 мың теңгені ай сайын алады, - деді ол. 
Нұрымбетов атап өткендей, жәрдемақы көлемі баланың санына байланысты көбейеді. Министр АӘК тоқсан сайын тағайындалатынын айтты.
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа моделі енгізілді. Орта есеппен әр балаға айына орташа 11 112 теңгеден келіп отыр. Еңбекке жарамды отбасы мүшесі болса, олар міндетті түрде жұмыс істеуі керек. Егер ұсынып отырған жұмыстан бас тартса, бүкіл отбасы әлеуметтік көмектен айырылады деп айттық. Жұмысқа тартқан күнде де жеңілдіктерді қарастыру керек, - деді ол. Тегін оқыту, жұмысқа орналастыру, өз ісін ашу үшін қайтарымсыз гранттар мен микрокредиттер беру қарастырылып отыр, - деді ол.
Министр АӘК алушыларға нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде өмірлік қиын жағдайдан шығу үшін көп мүмкіндіктер берілгенін айтты.
Тегін оқыту, жұмысқа орналастыру, өз ісін ашу үшін қайтарымсыз гранттар мен микрокредиттер беру қарастырылып отыр, - деді ол.
25 маусым 2020 ж. 871 0