Қазақстанда жаңа 100 теңгелік монеталар пайда болды

– Монеталардың өлшемі өзгеріссіз сақталғанын, сондықтан төлем терминалдары мен басқа да кассалық техниканы қосымша қайта теңшеуді қажет етпейтінін атап өткім келеді, – ҚР ҰБ Қолма-қол ақша айналысы департаментінің директоры Жомарт Қажымұратов. Егер кәсіпкерлер монеталарды қабылдаудан бас тартатын болса, онда ҚР ӘҚБК 206-бабына сәйкес оларға ескерту жасалады. Бір жыл ішінде жағдай қайталанса, 5-25 АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген.
24.kz
24.kz