
Қазақстан Ұлттық банкі 2020 жылы номиналы 200 теңгелік монетаны айналысқа шығарады деп хабарлайды ақпарат агенттігі қаржы ұйымының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ұлттық банктің таратқан хабарламаға қарағанда, қаржы реттеушісінің маңызды міндеттерінің бірі - қолма-қол ақша айналысында жүрген қолма-қол ақшаның сапасын қамтамасыз ету. Бұл банкнотты эстетикалық тұрғыдан қабылдау, оның санитарлық қауіпсіздігі және қорғалу мәселесі. "Төмен номиналдағы банкноттар 1-1,5 жыл ішінде тозады. Салыстыру үшін, жоғары номиналдағы банкноттар және монеталардың қолданылу мерзімі көбірек. Монеталардың қолданылу мерзімі - 10-15 жыл", - деді Қолма-қол ақша айналысы департаменті басшысы Жомарт Қажмұратов. Қолма-қол ақша айналысын тиімді ұйымдастыру және төмен номиналдардың қолданылу мерзімін ұлғайту мақсатында, Ұлттық банк номиналы 200 теңгелік айналыстағы монетаны шығару туралы шешім қабылдады.
qamshy.kz