Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 200 теңгелік тиын айналымға шығады

200 теңгелік тиын айналымға шығады

 Қазақстан Ұлттық банкі 2020 жылы номиналы 200 теңгелік монетаны айналысқа шығарады деп хабарлайды ақпарат агенттігі қаржы ұйымының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ұлттық банктің таратқан хабарламаға қарағанда, қаржы реттеушісінің маңызды міндеттерінің бірі - қолма-қол ақша айналысында жүрген қолма-қол ақшаның сапасын қамтамасыз ету. Бұл банкнотты эстетикалық тұрғыдан қабылдау, оның санитарлық қауіпсіздігі және қорғалу мәселесі. "Төмен номиналдағы банкноттар 1-1,5 жыл ішінде тозады. Салыстыру үшін, жоғары номиналдағы банкноттар және монеталардың қолданылу мерзімі көбірек. Монеталардың қолданылу мерзімі - 10-15 жыл", - деді Қолма-қол ақша айналысы департаменті басшысы Жомарт Қажмұратов. Қолма-қол ақша айналысын тиімді ұйымдастыру және төмен номиналдардың қолданылу мерзімін ұлғайту мақсатында, Ұлттық банк номиналы 200 теңгелік айналыстағы монетаны шығару туралы шешім қабылдады.qamshy.kz
20 қазан 2019 ж. 1 322 0