Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада 55 тауарлы балық аулау фермасы іске қосылады

Қызылордада 55 тауарлы балық аулау фермасы іске қосылады

Бұдан былай Сыр елінде балық экспорты жаңа деңгейге көтеріледі, деп хабарлады облыс әкімдігінің ресми сайты.

Бұл үшін балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы қабылданып, оны іске асыруға 28 млрдтеңге бөлу жоспарлануда. Яғни белгіленген мерзімге дейін аймақта 55 тауарлы балық аулау фермасы іске қосылады. Жаңа өндіріс орны арқылы тауарлы балық көлемін 34 есеге ал, балық өнімінің экспортын 4,2 тоннадан 8,5 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
Мұнан бөлек, өңірде 10 тоған және 4 торлы ферма құрылғысы салынады.

Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова ішкі нарыққа қажет өнім өндіру үшін шағын өндіріс орындарының үлесі артып келе жатқанын жеткізді.
Айталық, биылдан бастап Сыр елінде макарон, бұқтырылған қой, сиыр және жылқы етінен консерві дайындау өнідірісі іске қосылған. Мұнан бөлек, өңірде жылына 1500 тонна құс етін өндіретін фабрика, ас тұзын шығаратын испан технологиясымен жұмыс жасайтын 3-ші цех, түйе сүтінен құрғақ ұнтақ өндіру зауыты, 1200 басқа арналған ірі қара өсіру және сүт өңдеу кешені салынады.
baq.kz
24 қараша 2020 ж. 510 0