Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жүйелі жұмыс, толымды тірлік жалғасады

Жүйелі жұмыс, толымды тірлік жалғасады

Аудан әкімі М. Оразбаевтың 2020 жылдың қорытындысымен есепті кездесуде жасайтын баяндамасының желісі

Ардақты ағайын!
Қадірлі жерлестер!
Барлық деңгейдегі әкімдер жыл сайын халық алдында есепті кездесу өткізеді. Дәстүрлі ізбен атқарылған істерді саралап, алдағы жоспарларды айшықтау мақсатында Өздеріңізбен жүздесіп отырмыз.
Жыл көлемінде Президентіміз Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты дәстүрлі Жолдауын халыққа арнады. Онда Мемлекет басшысы жаңа заманның келбетін атап көрсетіп, алдағы міндеттерімізді айқындап берді.
2020 жылдың еншісіндегі елеулі оқиғалар қатарында Абай Құнанбайұлының - 175 жылдығы, Әбу Насыр Әл - Фарабидің - 1150 жылдығы, Алтын Орданың - 750 жылдығы, Конституция мен Қазақстан Халқы Ассамблеясының - 25 жылдығы сынды мерейтойлар аталып өтті.
Былтырғы жыл - ел есінде ерекше сынақ ретінде қалды. Жаһанды жайлаған пандемия біздің елді де айналып өткен жоқ. Үкімет тарапынан коронавирус инфекциясының таралмауы үшін барлық шаралар қабылданып келеді. Бұл талаптар әлі де күшінде.
Ел Президенті - 2020 жылды «Волонтер жылы» деп жариялады. Атаулы жылдың ауыр жүгін біздің еріктілер көтере білді.  Осы орайда ауданның ерікті жастарына, халық өміріне бей-жай қарамайтын қоғам белсенділеріне айрықша алғысымды білдіремін.
Әрине қатерлі дертті біржола, түбегейлі ауыздықтадық деп айта алмаймыз. Медицина мамандары «саулықтың кілті сақтықта екенін», - үнемі ескертіп келеді. Сондықтан айналамыздың амандығы үшін санитарлық талаптарды қатаң сақтауға шақырамын.
Өздеріңізге мәлім, биылғы жыл «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» аталып өтілетін айшықты жыл. Ата - бабамыз осы күндерді сан ғасырлар бойы армандады. Жалпы, тәуелсіздік – қастерлі ұғым. Біздің ел үшін бұдан асқан мерейлі, ұлық мереке жоқ деп есептеймін.
Сондай-ақ, 2021 жыл аудан халқы үшін айтулы жыл болмақ. Ерен ерліктің үлгісін көрсетіп, көмек қолын созып, ашыққан Поволжье тұрғындарына 14 вагон балық жөнелткен бабаларымыздың қайырымды ісіне 100 жыл толып отыр. Бұл шараны да атап өту жоспарымызда бар.  
Енді, ауданда жүзеге асқан жобаларға тоқталып, 2020 жылы жасалған жұмыстарды қысқаша баяндауға рұқсат етіңіздер!
Инвестиция:
Ауданға жыл басынан бері 15,2 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды.
Қаржы-салық саясаты:
Аудан бюджетінің нақтыланған жалпы түсімдері 23,2 млрд теңгені құраса, төртінші деңгейлі бюджеттің енуіне байланысты 24 дербес бюджеті бар әкім аппараттарының бюджеті 2,8 млрд теңгеніқұрады.
Өнеркәсіп:
Жыл басынан бері өнеркәсіп орындары 15,7 млрд теңгеден артық өнім өндіріп, салыстырмалы көлем индексі 109,8 пайызды көрсетуде.
Жыл ішінде аудан бойынша барлығы 783,6 мың тонна тұз қазылып, 219,1 мың тонна йодталған тұз, 5,4 мың тонна балық, 240 тонна ет, 788 тонна нан және нан өнімдері, 92,4 мың текше метр кварц топырағы өндірілді (2020 жылдың 11 айының көрсеткіштері).
Индустриялық-инновациялық даму:
Арал ауданында индустрияландыру бағдарламасының аясында құны 101,8 млрд. теңгені құрайтын, іске қосылғанда 1389 азаматты жұмыспен қамтитын бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Оның ішіндегі «Арал» Сервистік дайындау орталығы» ЖШС-нің «Тауарлы балықты өсіру және тереңнен өңдеу кешенін кеңейту» жобасының 1-ші кезеңі бойынша Арал қаласында орналасқан цех және 4-ші кезең бойынша Бөген ауылдық округіндегі мұздату цехі және жатақхана, «Қазақстан Аквакультура ЛТД» ЖШС-нің «Балықты тереңінен қайта өңдеу зауыты мен пластикалық қайық жасау цехін салу» жобалары іске қосылды.
        «Аралтұз» АҚ-ның құны 2,9 млрд.теңгені құрайтын «Үшінші испан цехін салу» жобасы осы жылы  пайдалануға беріледі.
        Индустриялық аймақтан «Жаңа Арал» ЖШС-нің «Жүн және теріні алғашқы өңдеу» жобасы (жоба құны-70,0 млн теңге) және жалпы құны 1,5 млрд. теңгені құрайтын жылдық қуаттылығы 130 мың тонна дайын өнімді өндіретін «Qazaq Camel» ЖШС-нің «Түйе сүтінен құрғақ ұнтақ дайындау зауыты» бойынша екі жоба үстіміздегі жылы(2021 жыл)пайдалануға беріледі деп күтілуде.    
        Шағын және орта бизнес: 
        Жыл басынан бері, аудандағы шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 4 089 болса, (жеке кәсіпкерлер – 2901, заңды тұлғалар – 268, шаруа қожалықтары – 920) оның ішінде жұмыс жасап тұрған субъектілер саны 3 712 (жеке кәсіпкерлер – 2616, заңды тұлғалар – 223, шаруа қожалықтары – 873) құрады.
        Жыл ішінде аудандағы бөлшек сауданың көлемі 7,3 млрд. теңгеге, көтерме сауда 12,2 млрд теңгеге жетті.
        Мал шаруашылығын дамыту мақсатында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы арқылы  64 жобаға 203,8 млн. теңге,   өңірлік инвестициялық орталық арқылы жалпы құны 106,0 млн. теңге болатын   23 жоба қаржыландырылды.
        «Агробизнес» бағдарламасы арқылы мал санын арттыруға бағытталған жалпы құны 254,4 млн. теңге болатын 32 жоба қаржыландырылды.
        «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында екінші деңгейлі банктер арқылы жалпы құны 173,0 млн. теңге болатын 7 жоба субсидияланды.
        Жалпы қаржы институттары арқылы 794,1 млн. теңгенің 128 жобасы қаржыландырылса, оның 53,1 пайызы, яғни  68 жобасы кент және ауылдық округтердің үлесінде.
        Аудан аумағынан өтетін «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік көлік дәлізі бойынан 4 жол бойы сервистік нысандары қызмет көрсетіп келсе, бұған қосымша жеке кәсіпкер    Т. Жалғасбековтың бастамасымен «С» және «Д» санатындағы жол бойы сервистік қызмет көрсету кешені пайдалануға берілді (Арал қаласынан «Adiya», «Дария»,  «Ер-Нұр» дүкендері, «Эврика», «Мирас», «Ақ ниет», Технодом сауда нысандары, «Мой-сам» қызмет көсету орталығы, «Хан шатыр» қоғамдық тамақтану орталығы,  «IQ center» білім беру орталығы іске қосылып, Сексеуіл кентінен «Махамбет» сауда нысаны).
        Ауыл шаруашылығы:
        Агроөнеркәсіп кешеніндегі жалпы өнім көлемі  10,0 млрд. теңгені құрап, 102,1 пайызға артты.
        Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 2,0 пайызға, жылқы 10,2 пайызға, түйе 7,2 пайызға, қой мен ешкі 1,4 пайызға өскен..
        Ауданда ауыл шаруашылығы саласы бойынша 26 заңды тұлға мен 920 шаруа қожалығы тіркелсе, оның ішіндегі 7 ауыл шаруашылығы құрылымы асыл тұқымды мал өсірумен айналысады.
         Негізгі капиталға салынған инвестиция ауыл шаруашылығы саласы бойынша 156,3 млн. теңге болып, 299,4 пайызға орындалса (2019 жылы 52,2 млн. теңге), тамақ өнімдеріне салынған инвестиция 304,4 млн. теңге (2019 жылы 3,7 млн. теңге)  болды.
        «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 29 жасқа дейінгі 17 жас маманға 4,6 млн теңге көлемінде бір жолғы көтерме жәрдемақы берілсе, 4 маманға тұрғын үй сатып алуға 13,5 млн теңге қаржылай көмек көрсетілді.
        Егін шаруашылығы:
        Аудан бойынша барлығы 193,0 гектар жерге егін егілді. Атап айтқанда: 98 гектар жерге көне жоңышқа, 2 гектар жерге картоп, 80,0 гектар жерге бақша, 13,0 гектар жерге көкөніс егілді.
        Сонымен қатар, ауданнан ағымдағы жыл ішінде «Қамышорда» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арқылы Германия, Голландия мемлекеттеріне 594 тонна қамыс және Өзбекстан Республикасына «КZ-MBK» ЖШС - гі арқылы  136 тонна I-ші сұрыпты «Аралым ұны» экспортқа жөнелтілді.
        Бағаны тұрақтандыру:
        Бағаны тұрақтандыру бағытында Нұр-Сұлтан қаласында 1 рет, Қызылорда қаласында 3 рет және аудан орталығында    8 рет барлығы 12 рет ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді.
        Экологиялық сауықтыру:
Облыстық бюджеттен Бекбауыл ауылдық округіндегі Кеңесарық каналын 85,2 млн. теңгеге тазалау және су тоспасын салу және Райым ауылдық округіндегі «Жүсіпәлі иіні» учаскесіндегі оң жағалау қорғаныс бөгеті 33,7 млн. теңгеге қайта қалпына келтіріліп, таспен қалау жұмыстары жүргізілді.
Республикалық бюджеттен 100,5 млн. теңге бөлініп (құрылыс жұмысының көлемі 4,7 млрд. теңге), "Көкарал бөгетін сақтау және Сырдария өзенінің сағасын қалпына келтіру" жобасының жоба сметалық құжаттары әзірленуде.
Жаңақұрылыс ауылдық округіндегі Нұралы жарма каналының экологиялық жағдайын және сумен қамтамасыз етілуін жақсарту үшін облыстық бюджеттен 5,5 млн. теңге қаралып, су тоспасын салудың жоба сметалық құжаттары әзірленді.  
Балық шаруашылығы:
Ауданда жылдық қуаттылығы 23 900 тоннадан асатын   9 балық өңдеу зауыттары жұмыс істейді. Оның 5-еуі балықты тереңінен өңдейтін болса, қалған 4-еуі балықты қатыру, мұздату және ыстау сияқты өңдеумен айналысады.
Қазіргі таңда, Арал ауданы Қосжар елді мекенінде орналасқан «Қамыстыбас балық питомнигі» РМКҚ арқылы жылына 14,8 млн дана майда бір жылғы шабақтар және  420 мың екі жылғы шабақтар Кіші Арал теңізіне және көлдер жүйесіне жіберіліп өсірілуде.
Бұдан бөлек, «Жамбыл» өндірістік кооперативі   2015 жылдан бастап Аманөткел ауылдық округіндегі «Ақшатау-Сорғақ» тауарлы көліне майда шабақтар жіберіп, күтіп-баптау жұмыстарын жүргізіп келеді. Шаруашылықты кеңейту мақсатында 21,0 млн. теңгеге «Ғаламдық экологиялық қоры» арқылы инкубациялық балық өсіру цехының жобасын іске қосып, 10 млн дана майда шабақтарды өсіріп, аудандағы табиғат пайдаланушыларға беруде.
Бұдан басқа, Ақбасты елді мекенінде екі бірдей балық цехы іске қосылды. Оның бірі ауланған балық қорын 100 тоннаға дейін сақтаса, екінші цех күніне 40-қа жуық балық консервісін шығаруда.
2020 жылдың 1 желтоқсанына ауланған балық  6 214 тонна болса, өңделген балық 5 388 тоннаны құрады.
Оның ішінде 2 159 тоннасы Ресей, Қытай, Германия, Польша, Грузия мемлекеттеріне экспортқа шығарылды.  Сонымен қатар, Кіші Арал теңізіндегі балық қорын сақтап қалу мақсатында Аралды құтқару қоры арқылы «Көкарал» су тоспасына гидроакустикалық құрылғы орнатылды. Арнайы жобаның құрылысына 150 млн - ға жуық қаржы тартылған.
Ветеринария:
Аудан көлемінде эпизотияға және энзоотиялық ауруларының алдына қарсы іс шаралардың негізінде қаңғыбас иттерді жою шаралары қолға алынып, барлығы  1898 бас қаңғыбас иттер мен мысықтар ауланып, жойылды.
        Мемлекеттік бағдарламар:
        - «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 16 жобаны іске асырылды.
        Жобалар бойынша 616 жұмыс орындарын ашу жоспарланса, 667 адам (108,3 пайыз) бағдарлама шеңберінде жұмыспен қамтылды.
-«Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында  727,4 млн. теңге қаржы қаралып, 3 жоба жүзеге асырылуда. Жақсықылыш кентінен «Спорттық сауықтыру кешені» құрылысы, №19 орта мектебіне 100 орындық қосымша жапсаржай құрылысының жұмыстары, Жақсықылыш кентінің  8,85 шқ болатын автомобиль жолдарының 17 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Құрылыс:
Үстіміздегі жылы ауданда барлығы 3,1 млрд. теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде: Арал қаласынан 1 қабатты 4 пәтерлі 10 тұрғын үй құрылысы, Арал қаласынан қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигон құрылысы, 250 орындық оқушылар үйінің құрылысы, аудан бойынша 5 елді мекенде (Жаңақұрылыс, Қызылжар, Қаратерең, Бөген, Райым) биотермиялық шұңқырлардың құрылысы, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі ғимаратын қайта құру(реконструкция) жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, жұмыспен қамту жол картасының шеңберінде Сексеуіл кентіндегі 300 орындық мектеп құрылысы, Арал қаласындағы кеңес беру диогностикалық емханасына, №19 олимпиада резервінің балалар мен жасөспірімдер мектебіне жәй жөндеу, Жақсықылыш кентіндегі дәрігерлік амбулаториясына жөндеу, мұрағат ғимаратына, Арал қаласындағы көпсалалы коледжіне және индустриялды техникалық коледжіне күрделі жөндеу  жұмыстары жүргізілді. Сексеуіл кентіндегі 40 төсектік аурухана құрылысы өтпелі жоба ретінде 2020-2021 жылдарға жоспарланған.
Бұдан басқа Арал қаласындағы № 71 мектеп интернаты құрылысының жоба-сметалық құжаттамасы әзірленді. Жобаның жалпы құны 1,3 млрд теңге осы жылы құрылысы басталады деп күтілуде.
Аталғандардан бөлек, мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында Шижаға елді мекенінен дәрігерлік амбулатория құрылысы салынып пайдалануға берілді.
Өздеріңізге мәлім 16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесінде облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова ауданда жұмыс сапарымен болып, пайдалануға берілген бірнеше нысандардың ашылу салтанатына қатысты. (250 орындық оқушылар үйінің, Шижаға елді мекенінен дәрігерлік амбулатория құрылысы, Шөміш елді мекеніндегі ауыз су жүйесіне қосу жәнежеке кәсіпкер Т. Жалғасбековтың «С» және «Д» санатындағы жол бойы сервистік қызмет көрсету кешені).
Сонымен қатар, өткен жылдың 1 желтоқсанына 22 799 шаршы метр болатын тұрғын үй пайдалануға берілді. Өткен жылмен салыстырмалы түрде 114,8 % орындалды.
Жол жөндеу:  
Автомобиль жолдарын жақсарту мақсатында 2020 жылға Арал қаласының 22,3 шақырымды құрайтын 33 көшенің,  25-не асфальт жабындысы төселген болса  (16,07 шқ), 8 (6,25 шқ) көшеге қиыршық тас (ГПС) төселді. Сондай-ақ, 1 шақырым болатын аудандық маңызы бар «Ескіұра елді мекеніне кіре беріс 1(шқ)» автомобиль жолының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, 2019 жылы бастау алған    4,9 шақырымды құрайтын «Ақлақ-Қаратерең» автожолының, 1,2 шақырым болатын «Самара-Шымкент-Бекбауыл» автожолының, «Тоқабай елді мекеніне кіре беріс» автожолының қалған бөліктеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Бұған қоса,  жалпы ұзындығы 20,52 шқ құрайтын «Бөген - Ақлақ» автожолы және ұзындығы 23,88 шқ құрайтын «Қаратерең - Жаңақұрылыс» автожолдарын жөндеу жұмыстары өткен жылы (2020 жыл) бастау алды.
Арал қаласында «темір жол желілері арқылы өтетін автомобиль көпірін салу» жобасы аясында аудандық бюджеттен 8,5 млн. теңге қаржы бөлініп, техникалық экономикалық негіздемесі мемлекеттік сараптамдан өткізіліп, жобалық сметалық құжаттарын жасау мақсатында облыстық басқармаларға өтінім тапсырылды.
Ауыз су:
        Аудандағы 49 елді мекеннің 38-і (78%) орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылды.
        2019 жылғы 29 шілдеде ҚР Үкіметімен мақұлданған елді мекендерді 2023 жылдың соңына дейін сапалы ауыз сумен жабдықтауды жүз пайыздық қамтамасыз ету жөніндегі Жол картасына сәйкес, Арал ауданы бойынша барлық елді мекендерді ауыз су жүйесіне қосу жоспарланған.
        Соған байланысты Шөміш, Қарашалаң елді мекендерімен Арал қаласындағы 1 мөлтек ауданы ауыз су жүйесіне қосылса, Осы жылы 6 елді мекенді (Қосаман, Ақбасты, Тоқабай, Абай, Көктем, Аққұлақ) қосу жоспарлануда.
        Сонымен қатар, 2017 жылдан бастап 1,2 млрд теңгеге Қосаман елді мекенінде орналасқан Арал – Сарбұлақ топтық су құбырының бас тоған ұңғымаларына күрделі жөндеу және 2020 жылдан бастап 355,0 млн теңгеге Бөген – Қарашалаң қосу тармағына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.
        Газдандыру:
        Газдандыру жұмыстары барысында Жақсықылыш кентіне 57,7 шақырым газ құбыры, 1 газ тарату пункті және  4 шкафты газ тарату пунктері орнатылып, ағымдағы жылдың шілде айында облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен теле көпір арқылы пайдалануға берілді. Жалпы Жақсықылыш кентіндегі 855 жеке тұрғын үй, 23 кәсіпкерлік нысан және 4 әлеуметтік нысан көгілдір отынға кезең-кезеңімен қосылуда.
        Бұдан бөлек, Арал қаласындағы көшелерге газ құбыры жүйелерін жеткізу жұмыстарына 19,1 млн. теңге қаржы бөлініп, бүгінде 50 жеке тұрғын үйлер газ жүйесіне қосылып, 2 шақырым газ құбырлары жаңадан салынды.
        Сонымен қатар, Арал аудандық олимпиада резервінің балалар мен жасөспірімдер мектебін газ отынына ауыстыруға 19,1 млн. теңге, Арал қаласындағы кеңес беру диогностикалық емханасын газ отынына ауыстыру жұмыстар жүргізілді.
        Жарықтандыру:
        Арал қаласының 16 көшесін, Сексеуіл кентінің 7 көшесін және Шөміш, Қамыстыбас, Қаратерең, Тоқабай, Ақбай, Ақеспе, Қызылжар, Абай, Ерімбетжаға елді мекендердің көшелерін жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.
        Сонымен қатар, Шөміш, Абай елді мекеніне трансформатор орнатылып, Сексеуіл кентінің электр желісін кеңейту және жаңадан ашылатын мөлтек ауданға электр желісін тарту және Бекбауыл ауылдық округіндегі ескірген электр желілері мен бағаналарына жаңарту жұмыстарының жоба-сметалық құжаттамалары әзірленді.
        Абаттандыру:
        Қазақтың бас ақыны, ағартушы, композитор Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Арал қаласындағы Абай көшесі абаттандырылды.
        Сонымен қатар, аудандық сот ғимаратының аумағы, № 220 орта мектептің және «Шағала» балабақшасының аулаларынқоршау және абаттандыру жұмыстары атқарылды.
        Жұмыспен  қамту:
        Ауданда есепті мерзімде ресми жұмыссыздық деңгейі 1,6 пайызға тұрақтап, аудандағы жұмыссыздық деңгейі  4,9 пайызды құрады.
        Жыл басынан бері жұмыс іздеуші ретінде орталыққа хабарласқан 3482 адамның 2523 тұрақты жұмысқа орналасты.  7 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіліп,  2314 жаңа жұмыс орындары ашылды.
        «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты-жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша 246 адам оқытылып, сертификаттары табысталды. Олардың ішінен 98 адамы өз кәсіптерін ашу үшін  391,1 млн. теңге несие алды.
        Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған   200 айлық есептік көрсеткіш (555 600 теңге) көлемінде 374 адамға  206,4 млн. теңге мемлекеттік  қайтарымсыз гранттар берілді.
        Әлеуметтік  төлемдер:
        Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 719 отбасына (4126 отбасы мүшелеріне) 278,2 млн. теңге төленді. Сондай-ақ, тұрмыс жағдайы төмен 1540 отбасыға кәсіпкерлер мен демеушілер есебінен 14,9 млн теңге көлемінде қайырымдылық көмек жасалды.
        «Міндетті әлеуметтік сақтандыру» жүйесінен, жұмысынан уақытша айырылған 16 773 адамға (бір адамға 42500 теңгеден)712,8 млн. теңге тағайындалып төленді.
        Білім саласы:
        Биылғы оқу жылында  барлығы 17445 оқушы қамтылды. Пандемия кезеңіндегі еліміздегі карантин режиміне сәйкес білім бөліміне қарасты 49 мектептің (17265 бала) дәстүрлі оқыту үдерісімен 31 мектеп (3586 бала), аралас оқыту форматымен 18 мектеп (1985 бала – кезекші сыныпта, 11694 бала - қашықтан оқыту) оқытылуда.
        Ұлттық бірыңғай тестілеуге аудан бюджетінен
4,8 млн. теңге қаржы бөлініп, 23-25 маусым аралығында 3 лекте өткізілді. ҰБТ-ға қатысуға ниет білдірген  579 оқушының 573-і қатысты. ҰБТ барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, жаңа ережелерге сәйкес өткізілді.
        100 балдан жоғары балл алған - 60 оқушы, 50 балдан төмен жинаған оқушы саны – 54 оқушыны құрады. Шығармашылықты таңдағандары – 85 оқушы. Осы ретте, 486 оқушы мемлекеттік грант иегері атанды (85 пайызы грантқа түскен).                                          
        Биылғы жылы «Мектепке жол» акциясы аясында аз қамтылған, тұрмысы төмен отбасының 985 баласына   10,5 млн. теңге көлемінде  демеушілер тарапынан қажетті заттармен, қашықтықтан оқуға қажетті техникалық құрылғылармен оның ішінде 185 бала смартфон, планшетпен қамтамасыз етілсе, киіммен 35 бала, оқу құралдарымен 293 бала, сим карта, модем, тарифпен 472 бала қамтамасыз етілді.  Оның 28-і жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған бала, 160 бала атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасынан,  797 бала аз қамтылған отбасынан шыққан балалар.
        Сонымен бірге мектеп балансынан аз қамтылған отбасынан 1809 балаға техникалық құрылғылардан көмек жасалса, республикалық резервтен жалпы 2702 дана техника (567 дана планшет, 438 дана компьютер, 1670 дана ноутбук) аз қамтылған және мұқтаж отбасы балаларына таратылды.
        Мұғалімдерді ынталандыру мақсатында аудан әкімінің сыйақысына арналған байқау ұйымдастырылып, №220 орта мектебі «Үздік білім ордасы» номинациясын, №13 мектептің мұғалімі Жібек Досжанова «Үздік тәлімгер ұстаз» номинациясын және №73 мектеп мұғалімі Болатбек Сайлыбаев «Үздік жас маман» номинациясын жеңіп алды. Жеңімпаз ұстаздар мұғалімдердің кәсіби мерекесіне орай өткізілген «Ұстаз деген – жарық күні ғаламның» атты салтанатты шара барысында марапатталып, қаржылай және бағалы сыйлықтар табысталды.
        Мектеп оқушыларын тасымалдауға Қаратерең елді мекеніндегі №82 орта мектебіне 23 орындық автобус көлігі (15,0 млн. теңге) және Ақеспе елді мекеніндегі № 237 негізгі мектебіне12 орындық УАЗ автокөлігі (7,0 млн. теңге) алынып, пайдалануға берілді.
        Қарақұм ауылдық округінде орналасқан №59 орта мектебіне 5,5 млн. теңге және Ақбасты елді мекеніндегі  №22 мектебіне 1,0 млн. теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді.      
        Денсаулық  сақтау  саласы:
        Жыл  басынан бері 1659 бала туылып, туу көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 0,6 промиллеге жоғарлап отыр. Туберкулез ауруымен алғаш рет ауырғандар және алғашқы рет тіркелген қатерлі ісік аурулар саны төмендеп отыр.
        Ауыл халқының игілігі үшін 6 санитарлық автокөлік алынып, 3 автокөлік Қызылжар, Бөген, Жақсықылыш дәрігерлік емханаларына, 1 автокөлік Арал қаласындағы Байтұрсынов дәрігерлік емханасына, 2 автокөлік орталық ауруханаға табысталды. Сонымен қатар, жергілікті бюджеттен 4,5 млн. теңгеге медициналық құрал-жабдықтар алынып, пайдалануға берілді.
        «СОVID-19» әлемді жайлаған коронавирус індеті біздің ауданды да айналып өткен жоқ. Себебі жыл басында аудан аумағында КВИ-мен 114 адам тіркелді(оның ішінде симптоммен – 53, симптомсыз – 61).
        Жазылып шыққандары 114 (53 симптоммен,   61 симптомсыз).
        Бүгінгі күні коронавирус инфекциясының болжамды кезеңіне ауданымызда дайындық жұмыстары жүргізілуде.
        Қазіргі уақытта, жұқпалы аурулар бөлімшесінен 25 орын (КВИ стационар), жүйке аурулары бөлімшесінен 100 орын (провизорлық стационар) төсек орын қоры дайын.
        Мұнымен бірге, А. Байтұрсынов ауылдық емханасынан 120 орын (карантиндік стационар), «Қамбаш» олимпиадалар және қосымша білім беру орталығынан 80 орын (КВИ стационар), Жақсықылыш дәрігерлік амбулаториясына 25 орын (карантиндік стационар), Сексеуіл ауылдық ауруханасына 25 орын (провизорлық стационар) барлығы 250 төсек орын қоры жасақталды.
        Медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында, «Аралтұз» АҚ мен 54,5 млн теңгеге демеушілік жасалды.
        Аудандық ауруханаға 23 оттегі концентраторы,  200 медициналық төсек пен 400 төсек орын жабдығы,   30 мың дана бір мәртелік бетперде, 24 мың дана стерильді медициналық қолғап, 20 мың дана стерильді емес медициналық қолғап, 100 кислородты газ баллон,   10 медициналық көп функционалды төсек және 10 сәулелендіргіш лампалар алынып, «Лада Ларгус» маркалы 2 жеңіл реономобильді жедел жәрдем автокөлігі ауруханаға берілді.
        Аудандық бас санитардың қаулысына сәйкес, санитарлық талаптардың сақталуын қадағалау және түсіндірме жұмыстарын жүргізуге байланысты барлығы   2192 рет кәсіпкерлік нысандарға тексеру жұмыстары жүргізілді. Жыл басынан бері барлығы 93 хаттама толтырылды. Оның ішінде 43 хаттама дәстүрлік жиындар жасағаны үшін, 50  хаттама кәсіпкерлік нысандардың қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 425-бабының 1-бөлігімен толтырылды (бюджетке өндірілгені – 4 014 210 тг).
        Аудан көлеміндегі індеттің алдын-алу және таралуын болдырмау мақсатында 913 рет дыбыс күшейткіш құрылғысы арқылы тұрғындарға хабарлама жүргізілді. Қосымша, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы 322 рет (газет, әлеуметтік желіде) мәліметтер берілді.
        Денешынықтыру және спорт:
Бұқаралық спортты дамыту мақсатында жыл басынан бері есепті кезеңде 48 спорттық іс-шара өткізіліп, спортпен шұғылданушылар саны халықтың 30,2 пайызын құрады.  Жыл көлемінде Қазақстан Республикасының әртүрлі чемпионаттары мен біріншіліктерінде аудан спортшылары жалпы саны 32 медальді(7 алтын, 2 күміс пен 23 қола) иеленді.
        Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың 12-15 наурыз аралығында ҚР-ның «Ұлттық жекпе-жек спорт федерациясы» мен аудан әкімдігі бірлесіп, ұлттық жекпе-жек спорт түрінен балалар мен жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өткізілді. Чемпионатқа еліміздің барлық өңірлерінен 400-ге жуық жас спортшы балалар қатысты.
        Аудандық бюджет есебінен Үкілісай, Ақбасты елді мекендерінен шағын спорт алаңы салынып пайдалануға берілсе, Ерімбетжаға, Қызылжар елді мекеніне спорт жаттықтырушы штаттары ашылып, Ақирек ауылдық округіне күрес кілемі алынды.
        Мәдениет:
        Мәдениет мекемелерінде әр түрлі деңгейде жоспарланған және жоспардан тыс 917 іс - шара өткізілді.
        24 қаңтар күні Аудандық орталық кітапханада Ұлы ойшыл, ғұлама Әл - Фарабидің туғанына 1150 жыл толуына орай «Әл – Фараби – Шығыстың ғұлама  ғалымы» атты тарихи  танымдық кеш өткізілді.
        Ақпан айының 24 күні аудандық мәдениет үйінде қазақтың бас ақыны, ағартушы, композитор   Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойының «Абай. Тарих. Тұлға» атты салтанатты шарасының ашылуы аталып өтті.
        Шілде айында күйші-композитор, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Композиторлар Одағының мүшесі М.Сыдықовтың 80 жасқа толуына орай Құрмет Грамотасымен марапатталып, сый – сияпат көрсетіліп,  қазан айында «Халық алғысы» медалі табысталды.
        Сонымен бірге, аудандық мәдениет үйінде күйші-композитор, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Композиторлар Одағының мүшесі, «Құрмет» орденінің, «Халық алғысы» медалінің иегері, Арал ауданының «Құрметті азаматы», күйші- компазитор, ақын-жырау М.Сыдықовтың  80 жылдығына орай, облыстық «Ақ толқын» онлайн әншілер конкурсы өткізілсе, желтоқсан айында «Домбыра жүрек жырлайды» атты республикалық онлайын күйшілер конкурсы ұйымдастырылды.
        Үстіміздегі жылдың тамыз айының 31-і күні  ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың және облыс әкімі  Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен ҚР Мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ КСР-інің тұңғыш премьер-министрі Ұзақбай Қарамановтың бюсті № 262 мектеп-гимназиясында ашылды.
        Жалпы, өткізілген шаралардың 80 пайызы онлайын түрде өтті.
        Жастармен жұмыс:
        Арал ауданында cтатистикалық  мәліметке сәйкес 14 пен 29 жас аралығында 18 314 азамат тіркелген. Жастар аудандағы халық санының 23,3 пайызын құрайды.
        Аудандық жастар ресурстық орталығы жанынан құрылған «Жас толқын» еріктілер тобы елімізде орын алған пандемия уақытысында ауданда  дерттің алдын-алу мақсатында өткізілген  90-ға жуық шараға қатысты.
        Сондай-ақ,  Түркістан облысында орын алған жағдайға байланысты ауданымыздағы ерікті топ, зардап шеккен тұрғындарға көмек жинауды қолға алып, әрқашанда жақсылыққа жаны құмар аудан тұрғындары Мақтаарал халқына мүмкіндігінше қажетті заттарды жинақтауға белсене атсалысты.  Атаулы жыл аясында барлық санаттағы аудан жастарының қамтылуымен 190 шара(мерекелік, спорттық, кеңес беру шаралары) өткізіліп, оған 12 мыңға жуық жас қамтылды. Жылды қорытындылай келе «Волонтерлар жылын» қорытындылау мақсатында қорытынды форум өткізіп, жыл бойы белсене жұмыс атқарған жастар марапатталды.
        Ұялы байланыс:
        «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2020 жылдың соңына дейін 16 елді мекенді (Жіңішкеқұм, Аққұлақ, Жаңақұрылыс, Тоқабай, Абай, Ерімбетжаға, Құланды, Жаңақоныс, Қосаман, Ақеспе, Ақбасты, Жалаңаш, Шөмішкөл, Сазды, Сапақ, Ақбай) Kcell, Tele2 және Beeline операторлары арқылы 3G/4G сымсыз технологияларымен (мобильді интернет) және мобильді ұялы байланыс қызметімен қамтамасыз ету жоспарланған. Бүгінде 13 елді мекеніне Beeline және Kcell операторы арқылы байланыс орнатылып, мобильді интернетке қол жеткізілді. Қазіргі уақытта қалған 3 (Сапақ, Аққұлақ, Шөмішкөл) елді мекендерге операторлар тарапынан монтаждау жұмыстары жүргізілуде (Әліде техникалық ақауларына жөндеу жұмыстары жүргізіледі).
        Құрметті  жерлестер!
        Ардақты ағайындар!
        Өздеріңіз куә болғандай 2020 жыл осындай толымды нәтижелермен қорытындыланды. Ал, енді алдағы уақытта жүзеге асыруды қажет ететін негізгі міндеттерге тоқталып өтеміз.
        АЛДАҒЫ  МІНДЕТТЕР:
        - Ең алдымен Мемлекет басшысының Жолдауын, мемлекеттік, салалық  бағдарламаларды, облыс әкімінің  2021  жылға арналған іс-қимыл  жоспарын  жүзеге  асыру;
        - «COVID-19» індетінің таралуына жол бермеу, алдын алу шараларын күшейту;
- 2019-2022 жылдарға арналған Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарындағы Арал ауданына қатысты жобалаларды іске асыру;
        - Арал ауданының әлеуметтік - экономикалық дамуын қамтамасыз ету, қоғамдық-саяси ахуалды сақтау, инвестиция тарту, жаңа  жұмыс  орындарын  құру;
        - Құрылысы салынып жатқан барлық нысандардың сапалы жүргізілуін қадағалау және толық пайдалануға берілуіне қол жеткізу;
        - Газдандыру, ауыз сумен қамту, жолдарды жөндеу және жарықтандыру жұмыстарын жүргізе беру.
        Қадірменді ағайын!
        Өткен 2020 жыл халықты біршама әбігерге салды. Бірақ бұл сындарлы кезеңдер бізді ширата түсті.
        Елге келген сынақ арқылы бірлік пен қоғамдық келісімнің, мамыражай өмір мен бейбітшіліктің адамзат баласына аса маңызды екендігін ұғындық.
        Қай істе де жұмыла кірісетін халқымыз тек ынтымағы мол елдің ырысқа кенелетінін дәлелдеп келеді. Соның арқасында бірлесіп жеткен жетістіктеріміз де аз емес.
        Тәуелсіздігіміз мәңгі, бірлігіміз бекем болғай!
       
  "Толқын" ақпарат 
19 қаңтар 2021 ж. 474 0