Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық банк теңгенің неге әлсіреп кеткенін түсіндірді

Ұлттық банк теңгенің неге әлсіреп кеткенін түсіндірді

Ұлттық валюта бағамына мұнайға деген сұраныстың белгісіз болуы әсерін тигізіп отырНҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз – Sputnik. 
Қазақстан қор биржасындағы таңғы сауда-саттықта ұлттық валюта 0,5%-ке әлсіреп, бір доллар 423-423,2 теңге аралығында саудалануда. Бұл туралы Ұлттық Банк монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов хабарлады.
22-23 наурызда әлемде COVID-19 ауруының өршуі және Еуропа елдерінде карантиндік шаралардың күшеюі аясында сұранысқа қатысты алаңдаушылық "қара алтынның" бағасын баррель үшін 60 АҚШ долларына дейін төмендетті. Келесі күні мұнай бағасы тайвандық Evergreen Marine компаниясының контейнер тасымалдаушының Суэц каналын бұғаттағаны туралы хабарламаға байланысты өзгерді. Алдын ала деректер бойынша бұл көлемі 13 миллион баррельге дейінгі мұнай жеткізілімін кешіктіруі мүмкін.
"Суэц каналындағы оқиға аясында энергия тасымалдауыштар бағасы түзетілгенімен мұнай бағасы белгісіз болып отыр. Вакцинаның баяу әрі барлық елге бірдей бөлінбеуі, жаңа локдаундар экономиканың тез қалпына келуі мен Еуропада әуе қатынасының жақын арада ашылуына күмән келтіреді", - деді Тұрсынханов.  
Сондай-ақ әлемдік валюта нарығындағы өзгерістер дамушы елдердің валюталарына әсерін жалғастырды. Түркия президенті Реджеп Ердоғанның орталық банк төрағасын ауыстыру туралы шешімі түрік лирасын 17,3%-ға дейін әлсіретті. Күрт құлдырағаннан кейін валюта түзеліп, 25 наурызда аптаның басынан 9,6%-ға әлсірегенін көрсетті.

Ресей банкінің негізгі мөлшерлемені көтеруіне қарамастан Ресей рублі әлсірей түсті. Аптаның басынан ресей валютасы АҚШ долларына қатысты 3,5%-ке әлсіреді. Бұған мұнай бағасының түзетілуі және шетелдік инвесторлардың жаңа санкцияларға байланысты рубльдік облигациялардан бас тартуы ықпал етті.
Инвесторлардың тәуекелге баруының азаюы және Еуропадағы коронавирус індетіне байланысты АҚШ доллары нығая түсті. Осылайша АҚШ доллары дамыған елдердің валюта индексіне қатысты 0,7% құрады.  

sputnik.kz
25 наурыз 2021 ж. 414 0