Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » БЖЗҚ-дан ақшаны мерзімінен бұрын алуға қанша уақыт кетеді

БЖЗҚ-дан ақшаны мерзімінен бұрын алуға қанша уақыт кетеді

«Отбасы банк» басқарма төрағасы Ляззат Ибрагимова БЖЗҚ-дан зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын шешуге арналған өтінімді қарастыруға қанша уақыт кететінін туралы айтты.
«Менің әріптестерім БЖЗҚ-дан біржолғы зейнетақы төлемін мақсатты түрде пайдалануға арналған құжаттарды өңдеу бойынша есеп әзірледі. Бұл – клиент құжаттарды жүктегеннен кейін операциялық департамент құжаттардың толықтығы мен мақсатты пайдалануын тексеріп, төлем жасауға рұқсат беруге кететін уақыт», – деп жазды Ибрагимова әлеуметтік желіде.
Ол бизнес-процестің бұл бөлігі шешім қабылдаудағы негізгі сәт екенін атап өтті.
Бастапқыда толтырылған өтінім порталда БЖЗҚ-ға жолданады. Бұл кемінде бір жұмыс күні.
Арнайы шотқа ақша аударылады – тағы бір жұмыс күні.
Одан кейін банкке тәцелді емес ең маңызды кезең – клиент құжаттарды порталға жүктейді (PDF-файл форматында).
«Мұнда барлығы клиентке байланысты. Мысал ретінде үш жұмыс күні кетеді деп есептейік. Себебі, клиент те қызығушылық танытып отыр», – деп жазды Ляззат Ибрагимова.
Егер құжаттар қосымша өңдеуге жолданбаса, онда операциялық департаментте тағы 1,5-2 жұмыс күні кетеді.
Операциялық департамент келісім бергеннен кейін процесс соңында төлем жолданады. Бұл әдетте тағы бір жұмыс күні.
«Егер сіз мінсіз клиент болып, сіздің өтініміңізді бірде-бір рет кері қайтармаса, онда 7,5-8 жұмыс күні немесе 10 күнтізбелік күн ішінде сізге БЖЗҚ-дан төлем жасалады. Банк пен клиент тарапынан бірқатар қиындықтар бола тұра, жалпы 76 654 адам осы жолды бізбен бірге жүріп өтті», – деп қорытты «Отбасы банк» басқарма төрағасы.
Ол, сондай-ақ, жеке тұрғын үй құрылысына арналған жинақты алу бойынша процесс ұзақ жүретінін айтты. Себебі қажетті құжаттар тізімі көбірек. Ұсынылған кестеге сәйкес, емдеу шараларына арналған құжатты өңдеуге шамамен 43 сағат, ипотекасыз баспана алуға – 37 сағат кетеді. Жеке тұрғын үй құрылысына арналған зейнетақы жинағын алу үшін тиісті құжаттарды тексеруге шамамен 78 сағат жұмсалады.

БЖЗҚ-дан зейнетақы жинағын алу

Еске салсақ, Қазақстанда 23 қаңтардан бері зейнетақы жинағын пайдалануға арналған өтінімді қабылдайтын Enpf-otbasy.kz сайты іске қосылды. БЖЗҚ-да жиналған қаражаттың бір бөлігін баспана сатып алуға немесе кеңейтуге, емдеуге немесе инвестициялауға жұмсауға болады. Бүгінде 700 мың қазақстандықтың зейнетақы жинағы шекті деңгейден асып тұр.

kyzylorda-news.kz
26 наурыз 2021 ж. 539 0