Сырдариялықтар Арал, Қазалы аудандарының шаруаларына жәрдемдесті
Биылғы жылы Сырдария ауданында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 32200 гектарға ауыл шаруашылғы дақылдарын орналастырды.
Оның ішінде: негізгі дақыл күріш 20542 гектар, жаздық бидай 1100 гектар, арпа 84 гектар, мақсары 162 гектар, 34 гектар соя, 31 гектар қант құмайы, дәндік жүгері 75 гектар, жаңа жоңышқа 1938 гектар, картоп, көкөніс, бақша 835 гектар, 15 гектар жеміс-жидек, ескі жоңышқа 7384 гектарды құрады.
Аудан бойынша 2021 жылдың 1 маусымында 36201 бас мүйізді ірі қара, 33914 бас қой мен ешкі, 16236 бас жылқы, 1621 бас түйе, 1455 бас құс өсірілуде.
Сырдария ауданына жоспар бойынша 180 күнге 50200 бас шартты мүйізді ірі қараға 90400 тонна шөп, 18100 тонна жем қажет деп есептелген.
Аудан бойынша жем-шөп дайындау, шабындық жерлерді анықтау мәселелерін жедел шешу мақсатында аудандық штаб құрылды.
Бүгінгі күнге 5925 гектар жоңышқаның бірінші орымынан 7521 тонна мал азықтық жоңышқа шөбі жиналып өңірдегі жеке тұрғындар мен шаруашылық құрылымдарына сатылуда.
«Мади-Қажы» ЖШС-де жоңышқа шөбінің екінші орымы басталып 2 бригада 2 жатка, 2 шөп басатын техника және 5 жүк көлігмен жұмыс жасалуда.
Сонымен қатар аудан әкімдігі күріш, бидай, жоңышқа шөбін егумен айналысатын шаруашылық құрылымдарымен жем-шөп қорын жасақтау мақсатында меморандумдар жасалды.
Аудандағы шаруаларға қолдау көрсету мақсатында ерікті жастар тобы құрылып шөп дайындау жұмыстарын жүргізуге көмек көрсетуде.
Сондай-ақ, аудандық «Ақжарма и К», «Шаған-Жер», «Мади-Қажы», «Мағжан и К», «Бесарық» шаруашылықтары қуаңшылық орын алған Арал, Қазалы аудандарына көмек ретінде 2850 пресс жоңышқа мен 12 тн. жем жеткізіп берді. Сондай-ақ, осы шаруашылықтардаң Арал, Қазалы аудандарына жем-шөбін әзірлеуге «Жасыл ел» еңбек жасағының жастары көмектесті.
kyzylorda-news.kz