Қызылорда облысында егін егу жұмыстары аяқталды
Қызылорда облысында егін егу жұмыстары аяқталды, - деп хабарлайды tengrinews.kz тілшісі.
Биыл Қызылорда облысы бойынша 183,1 мың гектар жерге егiн егу жоспарланған. Оның ішінде: дәндi дақылдар 95,7 мың, майлы дақылдар 6,0 мың, малазықтық дақылдар 61,6 мың, картоп, көкөнiс, бақша 17,7 мың гектар. Ал, негізгі дақыл күрiштің көлемі 88,2 мың гектар. Осы уақытта алқаптардағы 86 989 гектарға дән себіліп, 86 989 гектар егіс толық суға бастырылған.
Қазіргі таңда, ерте егілетін дақылдар жаздық бидай, арпа,сұлы, мақсары, қант құмайы толығымен орналастырылған.