Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан мен Венгрияның қаржы министрлері кездесті

Қазақстан мен Венгрияның қаржы министрлері кездесті

Қазақстанның Қаржы министрі Е. Жамаубаев Венгрия Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі Михай Варгамен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар екі мемлекеттің арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын және перспективаларын сөз етті.

Бұдан бөлек, министрліктер арасындағы мемлекеттік қаржыны басқару, бюджеттік жоспарлау және салық мәселелері бойынша экономикалық қатынасты дамыту жөнінде пікір алмасты.

Нәтижесінде Қазақстан мен Венгрия Қаржы министрліктері арасындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

Тараптар әрі қарай өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға уағдаласты.
25 қазан 2021 ж. 2 388 0