Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Балық өнімдеріне сұраныс жоғары

Балық өнімдеріне сұраныс жоғары

Арал-Сырдария бассейні бойынша 2030 жылға 36 мың тонна тауарлы балық өндіру көлемін өсіру жоспарланған. Биыл Түркістан облысында тауарлы балықты өсіру көлемін 6 112 тоннаға, ал Қызылорда облысында 409 тоннаға жеткізу көзделген. Бұл туралы Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекция басшысының орынбасары Жанқожа Сапаров айтты.

Арал-Сырдария бассейні балық шаруашылығына халықаралық маңызы бар Шардара су қоймасы мен Сырдария өзені, Көксарай су реттегіші және Кіші Арал теңізі аумағын қамтиды. Қызылорда облы­сында Кіші Арал теңізі мен 207 су айдынының 89 пайызы, ал Түр­кістан облысы бойынша Шар­да­ра су қоймасы мен Сырдария өзені және 127 су айдынының 71 пайы­зы пайдаланушыларға бекітіліп, ба­лық шаруашылығымен айналысуда. Өткен жылы Қызыл­­орда облы­сын­да 184,0 тон­на, ал Түркістан облысында 5 707 тоннаға жуық тауарлы балық өсірілген. Сондықтан болар Түр­кістан облысы жасанды балық өсіруге әлеуеті жоғары аймақ болып саналады. Инспекция басшысы орынбасарының сөзіне қарағанда, биыл оның көле­мін 6 мың тоннадан асыру жос­пар­ланған.

Мемлекет тарапынан субсидиялау 30 пайыз және 50 пайызға артып, балық шаруашылығының дамуына оңды ықпалын тигізуде. Алдағы уақытта елімізде балық шар­уа­шылығымен айналысуға ниет­ті кәсіпкерлер саны артатыны сөзсіз.

«2021 жылдан бастап субсидиялау бағдарламасында балық жемін сатып алудың 30 па­йы­зы­нан бөлек, биологиялық негіз­демені әзірлеу, балық өсіру мате­риалын сатып алу, дәрілік пре­параттарды сатып алу, аналық-толықтыру үйі­рін сатып алудың 50 пайызы қарас­тырылған. Бұдан бөлек балық өсіруші субъектісінің инвес­ти­ция­лық салымдарының 25 пайызы суб­си­дияланады», деді Жанқожа Рамбердіұлы.

Арал-Сырдария бассейні бойынша 2021 жылы 90 жобаны іске асыру көзделген. Был­тыр 2 шарбақтық, 6 тоған шаруашылығы және 1 тұйық сумен қамтамасыз етілген жүйе іске қосылған. Тауарлы балық өсіру шаруашылықтарының саны 101-ге, тоған шаруашылығының саны 47-ге, шарбақтық 5-ке, тұйық сумен қамтамасыз етілген балық шаруашылығы 3-ке жеткен. Биыл 6 тоған шаруашылығы жұмысын бастаған. Тоғандарда тұқы, дөңмаңдай, ақ амур және афри­калық жайын шабақтары өсірілуде. Инспекция басшысы орынбасарының айтуынша, екін­ші жартыжылдықта шарбақтық шаруашылық пен тұйық жүйелі сумен қамтамасыз етілген құрыл­ғы­ның жобасы іске асырылады.

Түркістан облысы жасанды ба­лық өсіру бойынша елімізде көш бастап тұрса, Қызылорда облы­сын­дағы табиғи су айдындарында өсірілген балық өнімдеріне деген сұраныс күн сайын артып келеді.

egemen.kz
02 маусым 2022 ж. 1 838 0