Нұрлыбек Нәлібаев бақша өнімдерін егумен айналысатын шаруалармен кездесті

Бақша дақылдарын егумен айналысатын шаруалармен кездесіп, егін мәселесінде пікірлесті.
Аудан әкімі Мұрат Тілеуімбетов 429 гектарға 3003 отбасының егістіктері орналастырылғанын жеткізді. Бұл дақылдардың 203 гектары қосалқы шаруашылықтан, ал 226 гектары шаруа қожалықтарының күшімен егілген тілге тиек етті.
Облыс әкімі қазіргі кезде егісті әртараптандырудың маңызды екенін және әр ауылдың өзіндік ерекшелігін ескере келе, өнімділікті көбейту қажеттігін баса айтты. Сондай-ақ, арналарға су жеткізу, насос қондырғыларын уақытылы алу мәселесін жеделдетуді тапсырды.
