ХҚКО қызметкерлерінің жалақысы өседі

«Биыл ХҚКО қызметкерлерінің жалақысын 50%-ға көтереміз. Бұл ретте қызметкерлерді ынталандырудың тиісті жүйесі құрылады. Мәселен, call-орталықтың бір қызметкері 100 өтінім, ал екіншісі 10 өтінім бойынша қызмет көрсетуі мүмкін. Осы орайда күніне 100 өтінімді қабылдаған адам басқаларына қарағанда 50% немесе 100% жоғары жалақы алады. Жұмысын жылдам әрі жақсы атқаратындар мен құжаттарды баяу рәсімдейтіндердің еңбекақысын теңестіргіміз келмейді. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының негізгі міндеті – өтінімдерді жылдам әрі сапалы қарастырып, мемлекеттік қызметтерді көрсету», деді Бағдат Мусин.