Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы өсті

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы өсті

2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша салымшылардың зейнетақы жинақтары бір айда 613,7 млрд теңгеге немесе 4,8%-ға ұлғайып, 13 384,5 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2022 жылдың маусым айында зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен таза табыс 505,4 миллиард теңгеге, 2022 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша 7 246,6 миллиард теңгеге дейін артты», делінген хабарламада.

Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны (зейнетақы жинақтары жоқ ЖЗШ-ны ескере отырып) 2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 10,9 миллион шотты құрады.

Маусым айында зейнетақы төлемдерінің сомасы 36,7 миллиард теңгені құрады.

2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша БЖЗҚ жиынтық инвестициялық портфелінің негізгі үлесін ҚР Мемлекеттік бағалы қағаздары мен ҚР эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары (зейнетақы активтерінің жалпы көлемінің тиісінше 42,6% және 21,4%) құрайды.
28 шілде 2022 ж. 2 699 0