Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде доллар бағамы арзандады

Елімізде доллар бағамы арзандады

Қазақстан қор биржасындағы 11 қарашадағы сауданың нәтижесінде доллар бағамы 462,01 теңге болды. Соңғы күндердің қорытындысымен салыстырғанда доллар бірден 7 теңгеге жуық арзандады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметінше, Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында доллар 463-464 теңгеден сатып алынып, 468-470 теңгеден сатылуда.
Доллар бір күн ішінде 6,72 теңге болса, бір айда 15,91 теңгеге арзандаған.
ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың қаңтардағы фьючерстерінің бағасы барреліне 96 долларды құрайды.
11 қараша 2022 ж. 3 045 0