Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 5 жыл ішінде базалық зейнетақы артады

5 жыл ішінде базалық зейнетақы артады

Бүгінгі ұрпақ зейнеткерлері үшін алдағы 5 жылда базалық зейнетақы мөлшері көбейтіледі. Бұл туралы Мәжілісте өткен Үкімет сағатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бүгінгі жүйе зейнеткерлердің үш ұрпағына қатысты болды. Біріншісі, аға ұрпақ. 1998 жылы 1 қаңтарға дейін зейнетке шыққан толық еңбек өтілі бар зейнеткерлер. Олардың саны бүгінгі таңда 300 мыңнан астам адам. Базалық және еңбек зейнетақылары мемлекеттік бюджеттен бөлінеді. Басым көпшілігінің зейнетақысы 120 000-160 000 теңгеге дейін. Екіншісі, бүгінгі ұрпақ. Зейнет жасына 1998 жылғы 1 қаңтардан кейін жеткен және 1998 жылы 1 қаңтарға дейін еңбек өтілі болғандықтан еңбек және базалық зейнетақыларын мемлекеттік бюджеттен алып отыр, - деді министр.

Айтуынша, қазір осы топтарғы зейнеткерлер саны 1,9 млн-нан асады. Олардың саны 2030 жылға қарай 2,6 млн-ға жетуі мүмкін.

Алдағы уақытта зейнет жасына жететін азаматтардың зейнетақы мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі жинақталған еңбек өтілі азаюына байланысты төмен болғалы тұр. Ал бұл айырмашылықтың орнын толтыратын қордағы зейнетақы жинақтары әлі де жеткіліксіз. Үшінші ұрпақ – ол болашақ зейнеткерлер. Олар зейнетке 2038 жылдан кейін шығып, мемлекеттен базалық зейнетақы, бірыңғай жинақтаушы қорынан жинақтаушы зейнетақысын алады, - деп толықтырды ведомство басшысы.

Оның айтуынша, ең әлжуаз ұрпақ бүгінгі және болашақ зейнеткерлер болады. Ол осы проблемалардың алдын алу үшін қандай шаралар қабылданып отырғанын түсіндіріп өтті.

Бүгінгі ұрпақ зейнеткерлері үшін алдағы 5 жылда базалық зейнетақы мөлшері көбейтіледі. Ал еңбек зейнетақысының көлемі есептеу үшін қолданылатын ең жоғары табыстың көлемі 46-дан 55 АЕК-ке дейін немесе экономикадағы орташа айлық жалақының 70%-ына дейін артады. Болашақ зейнеткерлер үшін қосымша жұмыс берушілердің зейнетақы жарнасы енгізіледі. Яғни бқл топтағы азаматтар зейнет жасына жеткенде қазіргі зейнеткерлер сияқты зейнетақының 3 түрін алады. Мемлекет есебінен базалық зейнетақы, жұмыс берушілердің шартты зейнетақысын, өз жинақтары есебінен жинақтаушы зейнетақы, - деп айтты ол Мәжілісте.

Дүйсенованың айтуына қарағанда, бұл шаралар азаматтарды лайықты зейнетақымен қамтуға мүмкіндік береді.
05 желтоқсан 2022 ж. 2 052 0