Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Наурызда теңгедегі депозит иелеріне 307 млрд теңге өтемақы төленеді

Наурызда теңгедегі депозит иелеріне 307 млрд теңге өтемақы төленеді

Наурызда теңгемен депозит ұстаған 2 млн 623 мың салымшыға 307 млрд теңге өтемақы төленеді. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Депозитін теңгемен сақтағандардың өтемақы алуға беретін өтінішін қабылдау мерзімі ұзартылған болатын. Жалпы, осы уақыт ішінде 125 мың салымшы ұзартылған мерзімді пайдаланды. Соңғы дерек бойынша, алдын ала өлшем мынадай: 2 млн 623 мың салымшыдан жалпы сомасы 307 млрд теңге болатын өтінім жиналды. Төленуі ықтимал өтемақының жалпы сомасы 4 млрд теңгемен толықты. Қазіргі таңда жалпы сома 307,5 млрд теңге деп бағаланып отыр», - деді Ұлттық банк басшысы.

kyzylorda-news.kz
Фото: inform.kz
25 ақпан 2023 ж. 1 364 0