Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Доллар бірден 10 теңгеге қымбаттады

Доллар бірден 10 теңгеге қымбаттады

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қымбаттады, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауданың нәтижесі бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 9,65 теңгеге көтеріліп, 456,66 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 11-13 наурыздағы бір долларға арналған ресми бағамы 445,98 теңгені құрайды.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 454,21 теңгеден сатып алынып, 457,66 теңгеден сатылып жатыр. Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу бағамы 454,94 теңге, сату – 459,06 теңге.
13 наурыз 2023 ж. 1 157 0