Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда зейнетақы, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы және атаулы әлеуметтік көмек мөлшері өседі

Қазақстанда зейнетақы, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы және атаулы әлеуметтік көмек мөлшері өседі

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Сенаттағы Taldau Talks подкастында қосылған құн салығының өсуі, оның Қазақстандағы бюджет пен инфляцияға әсеріне қатысты сауалдарға жауап берді, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.  

ҚҚС және инфрақұрылымдық алымдарды енгізу Қазақстандағы үйлердің бағасына қалай әсер етеді – Сарапшылар жауап берді

Үкімет қосылған құн салығы бойынша шекті соманы 15 миллион теңгеге дейін төмендетіп, 16% мөлшерлемені таңдады

    - Заң бойынша біз инфляция деңгейінде зейнетақыны, мемлекеттік қызметкерлердің, мұғалімдердің және дәрігерлердің жалақысын өсіруге тиіспіз. 20 пайыздық мөлшерлемемен бұл 800 миллиард теңге болады. 16 пайыздық мөлшерлемеде ол 500-550 миллиардтың арасында болады. Атаулы әлеуметтік көмектің де мөлшерін көбейтеміз. Қазір ол 200 мың адамға 40-45 миллиард теңге көлемінде. Тұрғын үй көмегіне қатысты, тарифтер бағасы көтерілуінің орнын толтыру үшін оның да мөлшерін ұлғайтамыз, – деді Жұманғарин.

Сурет: Нұрболат Нұржаубай
22 ақпан 2025 ж. 26 0