Бүгінгі теңге бағамы қандай?
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльдің сатып алу және сату бағамдары жарияланды. Ұлттық банктің ресми бағамы бойынша 1 доллар – 490 теңге шамасында, ал еуроның бағасы – 567 теңге көлемінде белгіленген, деп хабарлайды Egemen.kz.Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Астананың ақша айырбастау орындарында:
- доллар 484,07 теңгеден сатып алынады, 490,91 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу – 558,07 теңге, сату – 567,93 теңге;
- рубль: сатып алу – 6,24 теңге, сату – 6,55 теңге аралығында саудаланады.
Алматының ақша айырбастау орындарында:
- доллар: сатып алу – 487,30 теңге, сату – 489,38 теңге;
- еуро: сатып алу – 559,77 теңге, сату – 565,05 теңге;
- рубль 6,39 – 6,52 теңге аралығында саудаланады.










