Қазақстан экономикасы 6,5%-ға өсті
Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев 2025 жылдың қорытындысы бойынша экономика 6,5%-ға өскенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.«Құндық мәнде, жалпы ішкі өнімнің ұлғаюы 15 млрд долларды құрады. Бұл ретте инфляция 13% деңгейінде қалыптасты. Орташа айлық жалақы 442 мың теңге деңгейінде қалыптасса, жұмыссыздық жыл бойы 4,6% деңгейінде сақталды», деп атап өтті министр.
Шикізаттан – зауыттар мен егістікке: Қазақстан экономикасының жаңа даму моделі
Ол сондай-ақ еңбекақының жалпы ішкі өнімдегі үлесі шамамен 30%-дан асқанын хабарлады. Мақсат – әлемдік орташа көрсеткіш, 40%-ға жету.
Фото: egemen.kz










