Құрылтай
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 01.06.2026 ж. жағдайы бойынша Қызылорда облысының қаржы нарығының жағдайы туралы

01.06.2026 ж. жағдайы бойынша Қызылорда облысының қаржы нарығының жағдайы туралы

Тұтыну бағаларының индексі

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаментінің ақпаратына сәйкес 2026 жылдың мамыр айында республика бойынша инфляция 0,7%-ды (аймақ бойынша – 0,7%) құрады. Инфляция құрылымында азық-түлік тауарларының бағасы 0,4%-ға (аймақ бойынша – 0,5%), азық-түлік емес тауарларға – 0,6%-ға (аймақ бойынша – 0,7%) өсті, ал ақылы қызметтерге – 1,1%-ды (аймақ бойынша – 1,0%) құрады. 
Жылдық инфляция 10,4%-ды (аймақ бойынша – 11,1%) құрады. Инфляция құрылымында азық-түлік тауарларының бағасы 10,7%-ға (аймақ бойынша – 11,9%), азық-түлік емес тауарларға – 11,7%-ға (аймақ бойынша – 10,7%) және ақылы қызметтерге – 8,7%-ға (аймақ бойынша – 10,4%) өсті.

Банк секторы 

2026 жылдың 1 маусым деңгейіне Қызылорда облысы аумағында 11 екінші деңгейлі банктердің филиалдары және 1 «Қазпошта» АҚ филиалы, 2 уәкілетті ұйым, 5 микроқаржы ұйымдары, 8 несие серіктестігі, 2 ломбард қызмет атқарды. 
Айырбастау пункттердің жалпы саны – 50, оның 36-і екінші деңгейдегі банк филиалдары, 12 – «Қазпошта» АҚ филиалының және 2 уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері.

Банктегі депозиттер

2026 жылдың 1 маусым деңгейіне облыстағы депозиттердің жалпы мөлшері (ағымдағы шоттарды қоспағанда) 2025 жылдың cәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,3%-ға өсіп, 466,9 млрд. теңгені құрады. Заңды тұлғалардың салымдары 32,4%-ға азайып, 86,6 млрд. теңгені құрады. Жеке тұлғалардың салымдары 20,7%-ға өсіп, 380,3 млрд. теңгені құрады. 
Ұлттық валютадағы депозиттер көлемі 12,0%-ға өсіп, 409,1 млрд. теңгені құраса, шетел валютасындағы депозиттердің көлемі 2025 жылдың cәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,9%-ға азайып, 57,8 млрд. теңгені құрады. Теңгедегі депозиттер үлесі – 87,6%, шетел валютасындағы депозиттер үлесі – 12,4%.
2026 жылдың мамыр айында ұлттық валютадағы депозиттердің сыйақы мөлшері – 12,6% (2025 ж. мамыр айында – 12,1%), ал шетел валютасындағы депозиттер бойынша – 1,2% (2025 ж. мамыр айында – 1,9%) құрады.

Банк секторының несиелері

2026 жылдың 1 маусым деңгейіне банк секторының жалпы экономиканы несиелеу көлемі (жалпы қарыз) 910,9 млрд. теңгені құрады (2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,9%-ға өскен).  
Жеке тұлғалардың несиелері бойынша қарыз 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,4%-ға артып, 838,6 млрд.теңгені құрады, заңды тұлғалардың несиелері 26,2%-ға өсіп, 72,3 млрд. теңгені құрады. 
Қысқа мерзімді несиелердің көлемі 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,6%-ға өсіп, 57,2 млрд. теңгені құрады. Ұзақ мерзімді несиелердің көлемі 20,6%-ға артып, 853,7 млрд. теңгеге дейін өсті.
Банк секторының тұтынушылық мақсатындағы несиелері бойынша қарыз көлемі 12,1%-ға өсіп, 546,0 млрд.теңгені (жалпы қарыздан үлес салмағы – 59,9%-ды) құрады. 
Банк секторының ипотекалық несиелері бойынша қарыз 25,8%-ға өсіп, 106,9 млрд. теңгені (жалпы қарыздан үлес салмағы – 11,7%-ды) құрады.
2026 жылдың қаңтар-мамыр айында банк секторының берілген несие көлемі 294,4 млрд. теңгені құрады (2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,6%-ға төмендеген).
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің несиелендіру бойынша қарызы 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36,6%-ға өсіп, 215,2 млрд. теңгені құрады. Жалпы қарыздан үлес салмағы – 23,6%.
2026 жылдың қаңтар-мамыр айында шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несиелер көлемі 76,6 млрд. теңгені құрады. 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 10,7%-ға өскен.
Банк секторының несиелері бойынша мерзімі өткен берешектер 1,8 есеге өсіп, 60,5 млрд. теңгені құрады. Жалпы қарыздан несиелер бойынша мерзімі өткен берешектердің үлесі 6,6%- ды құрады.
Тұтынушылық мақсатындағы несиелер бойынша мерзімі өткен берешектер 44,1 млрд. теңгені құрады 1,8 есеге өскен. Мерзімі өткен ипотекалық берешектер 14,6%-ға көбейіп, 0,2 млрд. теңгені құрады. Жалпы мерзімі өткен берешектерден ипотекалық мерзімі өткен берекшектердің үлес салмағы – 0,3%.
2026 жылдың мамыр айында берілген несиелер бойынша орташа сыйақы мөлшері – 23,5%-ды (2025ж. мамыр – 22,7%), шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несие бойынша – 28,1%-ды (28,3%), тұтынушылық мақсатында – 23,3%-ды (21,8%), ипотекалық несиеге – 7,7%-ды (10,1%) құрады. 

Нақты шетел валютасының нарығы

2026 жылдың қаңтар-мамыр айларында Қызылорда облысы бойынша айырбастау пункттері қолма-қол 37,7 млн. АҚШ долларын сатып, 13,0 млн. АҚШ долларын сатып алды. 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда АҚШ долларын сату көлемі 7,8%-ға, АҚШ долларын сатып алу көлемі 15,5%-ға төмендеген.
АҚШ долларын сатудың/сатып алудың орташа бағамы 2026 жылдың қаңтар-мамыр айларында АҚШ доллары үшін 490,55/483,33 теңгені құрады (2025 жылдың сәйкес кезеңінде – 513,94/506,81 теңге).
2025 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда еуроны сату көлемі 27,5%-ға (1,3 млн. еуроға дейін), сатып алу көлемі 19,2%-ға (423,9 мың. еуроға дейін) төмендеді. Еуроны сатудың/сатып алудың орташа бағамы еуро үшін 569,96/566,58 теңгені құрады (2025 жылдың осы кезеңінде – 555,05/545,47 теңге).
Ресей рублін сату бойынша операциялар көлемі 14,6%-ға (84,0 млн. рубльге дейін) төмендеп, сатып алу көлемі 50,7%-ға (367,4 млн. рубльге дейін) өсті. Рубльді сатудың/сатып алудың орташа бағамы 6,46/5,85 теңгені құрады (2025 жылдың осы кезеңінде – 6,05/5,38 теңге).
Қытай юандарын сату көлемі 18,9%-ға (117,1 мың юаньға дейін) өсіп, сатып алу көлемі 24,1%-ға (62,1 мың юаньға дейін) төмендеді. Юань сатудың/сатып алудың орташа бағамы 75,78/68,63 теңгені құрады (2025 жылдың осы кезеңінде – 74,27/66,52 теңге).

Төлем карточкалары 

2026 жылдың 1 маусым деңгейіне Қызылорда облысында айналымдағы  төлем карточкалары өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,3%-ға өсіп, 3 238,0 мың бірлікті құрады.
Облыс бойынша төлем карточкаларына қызмет көрсету инфрақұрылымы жайлы жалпы көрініс: POS-терминалдар саны – 35 896,0 бірлік (-10,5%), банкоматтар – 419,0 бірлік (+5,8%), кәсіпкерлердің саны – 29 150,0 бірлік  (+2,9%). Төлем жүргізу үшін карточкамен қабылдайтын сауда кәсіпорындарының саны 33 477,0 бірлікке дейін артты (+0,5%). 
2026 жылдың қаңтар-мамыр айы бойынша төлем карточкаларын қолдана отырып, қолма-қол ақшасыз төлемдер саны 156 325,8 мың транзакциялардың  (2025 жылдың cәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,8%-ға өскен) көлемі 1 400,5  млрд. теңгені құрады (4,1%-ға өскен). 
2026 жылдың қаңтар-мамыр айында Қызылорда облысы бойынша қолма-қол ақша алу операциялары 5,8%–ға азайып, 3 151,1 мың транзакцияның көлемін көрсетті. 3,9%–ға азайып, 272,5 млрд.теңгені құрады.
Толық мәліметтерді төмендегі телефондар бойынша алуға болады:
+7(724) 255 15 22
+7(724) 255 15 23
e-mail: kuz_80@nationalbank.kz
10 тамыз 2026 ж. 56 0