ҰЛТ ПЕРЗЕНТІ ҚҰРМЕТ БИІГІНДЕ

Жазушымыздың осындай абырой биігінен көрініп жатқанын біздер ерекше қолдайтынымызды жеткізгім келеді.
Халық алдындағы ерен еңбегі дәл осылай құрметтеліп жатса, мына жақта жерлестері бөркін аспанға атып қуануы заңдылық. Өйткені, Ә.Нұрпейісов дүниеге әкелген жауһарлары әлем елдері шығармаларының арасында өзіндік бет-бейнеге ие болып, қазақ ұлтының беделін көтеріп, абыройын асқақтатты.
Сондықтанда, біздер, аралдықтар қашан да қазақ халқының маңдайына біткен жарық жұлдызы, ұлтымыздың арда азаматы – Ә.Нұрпейісовпен ерекше мақтанамыз. Кемеңгер жазушының ғасырға жуық ғұмыры жастарымыз үшін өшпес үлгі-өнеге деп білемін.
Құлманов Жандос
«Ақбасты» өндірістік кооперативінің төрағасы.