Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мас күйінде көлік тізгіндегендер түрмеге жабылады

Мас күйінде көлік тізгіндегендер түрмеге жабылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мас күйінде көлік жүргізгені үшін жазаны қатаңдатуды тапсырды. Бұл туралы stan.kz хабарлайды.

«Заңнамада алкогольдің, есірткінің және психотроптық заттардың кез-келген түрін қабылдағаннан кейін автомобильдерді басқарғаны үшін жазаны қатаңдату ережелері енгізіледі. Біз заң бұзушыларды түрмелерге отырғызып, ауыр айыппұлдармен жазалауымыз керек, оларды өмірлік құқығынан айырып, көліктерді тәркілеуіміз керек», - деді президент Алматыда өткен кеңейтілген отырыста.Мемлекет басшысы Алматы қылмыс деңгейі бойынша бірінші орында екенін айтты. Оның айтуынша, қылмыстардың үлкен бөлігі - ұсақ құқық бұзушылықтар, ұрлық және бұзақылық.
Ұсақ құқық бұзушылықтар соншама көп, бұл жағдайды қала тұрғындары өте ауыр қылмыс ретінде қабылдайды. Айна ұрлаудың соңы Денис Тен секілді ұлттық спорт мақтанышын жоғалтып алуға әкелгеніне көз жеткіздік», - деді Тоқаев.
«Ішкі істер министрлігі мен Алматы әкімдігі бұл бағыттағы тәртіпті қалпына келтіруі керек», - деп атап өтті мемлекет басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев мемлекет автомобильді белгілі бір жол ережелерін бірнеше рет бұзғаны үшін тәркіленетінін айтқан болатын. Атап айтқанда, мұндай жазаны мас күйінде немесе құқығынсыз бірнеше рет рульде отырған жүргізушілерге қолдану ұсынылады.

29 қазан 2019 ж. 536 0