Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Зорлық-зомбылыққа жазаны қатаңдатпақ: Тоқаев халыққа алғаш рет жолдау жасайды

Зорлық-зомбылыққа жазаны қатаңдатпақ: Тоқаев халыққа алғаш рет жолдау жасайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдау жасайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жолдаудың қандай тақырыптарға арналатынын президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында жазды. 
«2 қыркүйекке жоспарланған халыққа жолдауымда есірткі бизнесі, педофилия, жыныстық зорлық-зомбылық және жеке тұлғаға қарсы жасалатын басқа да ауыр қылмыстарға қатысты жазалау шараларын қатаңдату жөнінде парламентке және үкіметке тапсырмалар жүктеледі», - деді президент. 
Естеріңізге сала кетсек, жолаушыны зорлаған Тальго жолсеріктерінің оқиғасы Қазақстан қоғамында резонанс тудырған болатын. Себебі, оларды судья 2,5 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ, жыл басынан бері Қазақстанда 800 әйелдің зорланғаны белгілі болды. Мәжіліс депутаты Дания Еспаева да зорлық-зомбылықты ауыр қылмыс деп тануды сұрады
https://stan.kz/zorlik-zombilikka-zhazani-katandatu-ushin-tokaev-halikka-algash-ret-zholdau-zhasaydi-320540/
10 тамыз 2019 ж. 1 055 0